«Моншақ» мюзиклі

«Моншақ» мюзиклі

2022-05-04

«Моншақ» мюзиклі

А.Мәметова мен Т.Әліпқалидың «Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр» кітабының желісімен

 

Өтетін орны: Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры

Өтетін уақыты: 05 мамыр 2022 жыл, сағат: 17.30

 

Идея авторы, қоюшы режиссер, балетмейстр: Медет Ағабылов

Пьеса жазған: Жандос Мейірхан

Композиторы: Серік Закария

Әндердің сөзін жазған: Арайлым Жукенова

 

Рольдегілер:

Мәншүк (5 жас) – Аяжан Саттарова

Мәншүк (14 жас) – Айзия Мусина

Мәншүк (17 жас) – Аружан Мамзада

Ахмет – Дидар Өмірзақ

Жеңісқали – Дәурен Баймұрат

Толша – Ақбота Серікқызы

Әмина – Анель Арғынбекқызы

НКВД – Бекзат Ешмұратов

Қосшы – Қанжар Ерғали

Мұрат – Рамазан Жамбыл

Фаузия – Дильназ Шайман

Мұғалім – Арайлым Серикова

Көпшілік сахнада – колледж студенттері

Өткен ғасырдың еншісіндегі, тарихта үлкен орын алған Ұлы Отан Соғысындағы батырларымыздың ерліктері ел есінен оңайлықпен өшпесі анық. Ардагерлерімізден бөлек, қырғында жан алысып, жан берісіп, майдан шебінде қаза болған боздақтарымыздың да батырлықтарын ұлықтау ұрпақ парызы. Сол боздақтардың бірі – Мәншүк Мәметова.

            «Моншақ» қойылымы, Қазақ халқының батыр қызы Мәншүк Мәметованың рухына арналады. Қойылымның басы  кішкентай Мәншүктің туған жерінен жырақтағаны, жаңа отбасы, жаңа ортаға ауысуынан басталады. Әкесі Жеңісқалидан Мәншүкті бауырына басуды сұраған Ахмет үлкен аманатты арқалайды. Уақыт өте келе Мәншүк бой жетеді. Күнделікті өмірде Бас кейіпкердің ірілі-ұсақты табандылықтары қойылымда айтылады да, көрсетіледі де.

            Мәншүк 17 жасқа толғанда әкесі Ахметті «Халық жауы» деп айыптап, айдауға алып кетеді. Ал Мәншүк болса барлық бала арманынан бас тартып, ендігі ретте әкесі Ахметті ақтап алуға тырысады. Дәл сол тұста, ел басына бұлт үйіріліп, Неміс басқыншылары ескертусіз басып кіріп, Екінші Дүние жүзілік соғыстың оты өршіген еді. Осы сәтті ұтымды пайдалануға тырысқан Мәншүк екі мақсатты қатар ұстап соғысқа аттанады. Оның бірі – Отанды қорғау болса, екіншісі – әкесін ақтап алу. Сонымен қатар, Мәншүктің өмірге деген ерекше сүйіспеншілігі мен қоғамға деген махаббаты айқын көрсетіледі. Алайда сұм соғыс Мәншүктің өмірін қыршын қиды. Ел есімі – ер есінде!