- Құжаттарды қабылдау туралы өтініш ;
- Білімі туралы құжаттың тұпнұсқасы ;
- 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет ;
- 075-У формадағы медициналық анықтама ;
- № 031-У нысаны бойынша І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала
жасынан мүгедектер үшін медициналық - әлеуметтік сараптама қорытындысы ;
- Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады ;
- Жеңілдіктерді растайтын құжаттар;
Талапкерлердің құжаттарын қабылдау:
Құжаттар колледждің қабылдау комиссиясында (тікелей келу арқылы), Еgov.kz немесе College SmartNation электронды порталы арқылы қабылданады.Білім беру ұйымдарына қабылдауға өтініш беру үшін ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің ЭЦҚ кілті қажет.
Құжат тапсыру мерзімі 2024 жылдың 25 маусымынан басталады.
Мамандықтар тізімі
Арнаулы және шығармашылық емтихан кестесі