Жиі қойлатын сұрақтар

Ұйымдар

Жастар арасында мемлекеттік жастар саясатын жүргізу және саяси сауатты жастар легін қалыптастыру мақсатында жұмыс істейтін республикалық ұйым. Колледж қабырғасында да атаулы мақсатта жастар қанатының колледж ішілік ұйымы құрылған. Әр жылдары облыс көлемінде «Жас Отан» Жастар қанатының үздік бөлімшесі» номициясын, ұйым мүшелері «Үздік белсенді» аталымдарын жеңіп алған. Елімізде өтетін саяси науқандарға етене атсалысып, белсенді жастар позициясын ашық көрсетіп жүрген ұйым.

Білім алушылар арасында пікір-сайыс қозғалысын үйлестіру мақсатында Жастар ісі жөніндегі комитет жанынан құрылған дебат клубы он жылдан аса білім ордасының намысын қорғап келеді. Студенттердің бойында көшбасшылық, шешендік, ораторлық қасиеттерін дамытуда клуб жұмысын ерекше айтуға болады. Клуб қазақ тілді студенттер лигасы және жаттықтырушылар мен төрешілер лигасынан тұрады. Осы уақытқа дейін шаңырақтық пікір-сайысшылар түрлі республикалық, облыстық, қалалық дебат турнирлерінде жеңімпаз атанып, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинацияларының иегерлері атанған.

Ұйым сегіз фракциядан тұрады. Әр фракцияға жеті оқу бөлімінен сайланған депутаттар мен Жастар ісі жөніндегі комитет ұйымдарының атынан ұсынылған спикер жетекшілік жасайды. Парламент құрамында 7 депутат, 1 спикер бар. Әр уақытта ұйым жұмысына қарай әр депутат өз командасын қүрып, ұйым мүшелерін арттыра алады. Негізгі мақсаты жастар мәселелерін шешу, студенттер арасындағы ұсынысты білім мекемесінің басшылығына жеткізу. Сондай-ақ депутаттар түрлі деңгейде байқау, тексеріс комиссияларының құрамына тартылады.

Жастар арасында сұранысқа ие «Жайдарман» жастар қозғалысында облыстық, республикалық лигаларда колледжіміздің намысын қорғап жүрген ұйым. Әр уақыттарда құрам көңілді, тапқыр білім алушылармен толығып, өз көрермендерін қағытпа қалжың мен тартымды ойлар арқылы қуантып жүрген өнер ұжымы. Жайдарман клубы колледж ішілік лига да құрып, ішін ара мықтыларды білім мекемесінің құрамасына тартады. Сонымен қатар мерекелік кештердің де көркін келтіріп, жоғары көңіл сыйлайды.

Ел жастарының арасында «Қазақстан студенттер Альянсы» атауымен танымал ұйым. Колледжімізде атаулы ұйымның филиалы құрылған. Осы уақытқа дейін еліміздің студент жастарының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету, студенттерде патриоттық сезімді қалыптастыру және жетілдіру, студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастыру, студент жастардың интеллектуалды әлеуеттерін жетілдіру, студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттарында түрлі жобаларды үйлестіріп, өз құрамын ұлғайтып келеді.

Ерікті жастардың бастамасымен колледж қабырғасында түрлі жобалар іске асырылуда. Мәселен 2021-2022 оқу жылының сәйір айы – Мейірім айы болып жарияланып, ай көлемінде жастарды адамгершілік, ізгілікке және қайырымдылыққа шақыратын іс-шаралар жасалды. Одан бөлек «Қайырымды колледж» атауымен қайырымдылық жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ерікті жастар ас пісіріп сатты. Түскен қаражат қарттар үйі секілді қайырымдылыққа мұқтаж ұйымдардың игіліге жұмсалды. Сонымен қатар ұйым еріктілерді қоршаған ортаны таза ұстауда да ерекше еңбек етіп келеді. Сенбіліктер, тазалық акцияларын тұрақты ұйымдастырылады.

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитет жанынан құрылған студенттер театры «Ассорти» атауымен 2021 жылы шымылдырығын түрді. Театр мақсаты жастардың бос уақытын тиімді үйлестіру, қызығушылықтарын қамтамасыз ету, сахна мәдениетін меңгертіп, білім алушылар бойындағы қабілеттерді дамыту. Осы кезге дейін, «Ызғар» трагедиясы, «Бізде перваш болғанбыз» комедиясы, «Моншақ» мюзиклі, «Бәріміз бір өмір жолын бастап едік...» атты қойылымдарын сахналап, көрермен көзайымына айналып үлгерген жас ұжым. Сонымен қатар, Ассорти өнерпаздары түрлі мерекелік кештерде, шығармашылық жиындарда тақырыптық сахналандырылған прологтар дайындап, өнер көрсетіп келеді. Аты аталып тұрғандай түрлі мамандықта білім алатын студентерден құралған театрда режиссерінен бастап өнерпаздарына дейін тек студенттер қызмет етеді. Қазіргі құрамда – 25 өнерпаз бар. Осы уақытқа дейін театр әкімшілігі екі мәрте кастинг жариялап, толықтырылды. Басқа да көмекші мамандықтарды қоса есептегенде бір қойылым үшін 50-ге жуық жас сахна артында жұмыс істейді.

Жастарды кәсіпкерлік сауаттылыққа баулитын ұйым. Түрлі оқытулар ұйымдастырып, қоғамда өз орны бар сала мамандарымен кездесулер өткізеді. Кеш қонақтарының жетістік формулласын зерделеп, кәсіп иесі атануды көздейді. Стартап жобалар дайындап, бизнес идеялар байқауына қатысады. Ұйым мүшелері Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырумен өткен «Мен кәсіпкермін» республикалық байқаудан жүлделі ІІІ ОРЫН иегері атанған.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, жемқорлық туындататын себептер мен жағдайларды жоюға назар аудару, студенттердің бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға жәрдемдесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру, адалдық пен әділдік, айқындық пен ашықтық қағидаттарын берік ұстану, комитет жанынан құрылған жастар ұйымдарымен байланыста болу, студенттердің өз ойын ашық жеткізуге, бәсекеге қабілетті маман болуына, адами құндылықтарды өз бойында сақтауға ықпал ету, мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру мақсатында жұмыс істейтін ұйым. Басты бағыт ретінде білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар легін қалыптастыруды көздеп, түрлі акциялар өткізеді. «Таза сессия», «Сыбайлас жемқорлық індет, оны жеңу міндет» акциялары жастар арасында танымал.