4.23. Колледжде күндiзгi оқу нысаны бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша оқитын студенттерге мемлекеттік стипендия төленуіне. Мемлекеттiк стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Көзi көрмейтiн мүгедектердiң және құлағы естiмейтiн мүгедектердiң, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезектi аралық аттестаттаудың нәтижелерi бойынша "үздiк" деген бағаға ғана оқитын студенттер мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жоғары мемлекеттiк стипендия алуға құқығы бар.
4.24. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған студенттерді колледж бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етедi.
4.25. Колледж студенттерін оқу процесiнен алаңдатуға жол берiлмейдi;
4.26. Денсаулығына байланысты (дәрігерлік-кеңес комиссиясының шешімі негізінде) дене тәрбиесі сабағынан босатылуға;
4.27. Студенттердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңiлдiктер берiледi;
4.28. Колледжде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде бiлiм алушылардың қысқы және жазғы каникул кезiнде қалааралық темiржол және автомобиль (таксиден басқа) көлiгiнде жеңiлдiкпен жол жүруге құқығы бар.
5. Студент міндеттері
5.1. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес бiлiмдi, шеберлiктi, практикалық дағдылар мен бiлiктiлiктi меңгеруге, iшкi тәртiп ережелерiн, студентің әдеп кодексін сақтауға, колледждің жарғысында және бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға;
5.2. Өз іс-әрекетінде адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, студенттермен және қызметкерлермен қарым-қатынаста «Сіз» деп сөйлесу арқылы сыпайылық пен әдептiлiк танытуға, үкендерге, қыздармен әйелдерге жол беруге;
5.3. Колледж директорының бұйрықтарын, педагогикалық кеңесінің, өзін-өзі басқару органының (студенттік кеңес) шешімдерін орындауға;
5.4. Студенттер өздерiнiң денсаулығы үшiн қам жеуге, рухани және тән саулығын өздiгiнен жетiлдiруге ұмтылуға;
5.5. Бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы шартта көзделген оқу ақысын уақытылы, толық төлуге;
5.6. Мемлекеттік рәміздерді білуге, оны құреттеуге;
5.7. Кітапханадан алған оқулықтарын толық қайтаруға;
5.8. Кез-келген құқық бұзушылыққа, сыбайлас және жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» принциптерін сақтайды, орындайды;
5.9. Сабақ кестесіне сәйкес сабаққа, практикаға қатысуға;
5.10. Өз тобында, бөлімде кезекшілікке тұруға, кзекші міндеттерін орындауға;
5.11. Колледж ғимараттары мен аумағында, оқу процесінде, практика кезінде санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, техникалық, еңбек қауіпсіздік талаптарын сақтауға, орындауға, тазалық күндеріне, айлықтарына, сенбіліктерге қатысуға;
5.12. Колледждің, қызметкерлер мен студенттердің мүліктеріне ұқыпты қарауға, оны бүлдірген жағдайда құнын өтеуге;
5.13. Сабақтан тыс уақытта қолданыстағы заң талаптарын, қоғамдық тәртіпті, жол жүру ережелерін сақтауға;
5.14. Колледжде ұйымдастырылатын мәдени, білім, ғылыми, спорттық, шығармашылық іс-шараларға қатысуға;
5.15. Колледжде белгiленген киiм формасын сақтауға;
5.16. Студенттердің, қызметкерлердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн, колледждің тарихын, дәстүрлерiн құрметтеуге мiндеттi.
6. Студентке тыйым салынады:
6.1. Колледжде қабылданған ішкі тәртіп ережелерін, әдеп кодексінің талаптарын, сабақ кестесін бұзуға;
6.2. Колледж аумағында, ғимараттарында фото камерасы бар телефондар (смартфондар, планшеттер) пайдалануға;
6.3. Колледж әкімшілігі рұқсат бермеген, заңмен тыйым салынған іс-шараларға қатысуға;
6.4. Колледж ғимараттары мен ауласында темекі шегуге, сағыз шайнауға, қоқысты кезкелген жерге тастап ластауға;
6.5. Сабақ кезінде себепсіз ғимараттарда, аулада бос жүруге, себепсіз дәліздерде жүгіруге, сырт киіммен жүруге;
6.6. Парталарды, жиһаздарды бүлдіруге, бояуға, техникаларды сындыруға, сабақтан басқа мақсатта пайдалануға;
6.7. Сабақ кезінде шулауға, әдепсіз сөздер айтуға, қатты дауыс шығарып күлуге;
6.8. Алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болуына, оның ішінде сабақ, практика кезінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды колледжге әкелуге, пайдалануға, сақтауға;
6.9. Колледжде саяси үгіттеу, діни насихат жүргізуге, ұлтаралық, конфессияаралық тұрақтылықты бұзуға, Қазақстан Респспубликасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу бағытталған іс-әркеттер жасауға;
6.10. Колледждің интернет жүйесі арқылы заңмен тиым салынған (экстремистік, теріс діни ағымдар, порнографиялық, эротикалық, ойынқұмарлық, казинолар), суицидке, қылмысқа итермелейтін, психологиялық күйзеліске ұшырататын, денсаулыққа зиян келтіретін сайттарға, әлеуметтік желілерге кіруге, олардан ақпарат алуға, сақтауға, жалған, заңсыз ақпараттар таратуға;
6.11. Колледждің интернет жүйесін, мүлігін ақшалай пайда көру үшін пайдалануға;
6.12. Колледждің мүлігін (ғимараттарын, дәрісханаларын, көлігін, компьютерлерін, принтерлерін т.б. оргтехникасын) заңмен тиым салыған экстремистік, діни ұйымдар мен партиялардың жиналыстарын, митинг, шеру, демонстрация т.б. жария көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру үшін, немесе соларға қажетті материалдарды дискілерге жазуға, үнпарақтар басып шығаруға, немесе компьютерлерде сақтауға, таратуға;
6.13. Колледж әкімшілігі рұқсат етпеген, заңсыз көпшілік шараларға, жиналыстарға, шеруге, митингке, демонстрацияға қатысуға;
6.14. Оқу журналдарына өзі баға қоюға, бүлдіруге, жыртуға, беттерін ауыстыруға, бағаларды жөндеуге;
6.15. Колледждің, қоғамдық, жеке азаматтардың мүліктерін бүлдіруге, ұрлауға бұзуға;
6.16. Колледж ғимараттары мен ауласына тез жанатын (керосин, бензин т.б.), жарылғыш немесе заңмен тыйым салынған заттарды (порнографиялық материалдар, газ баллоны, есірткі, суық, атыс, қару-жарақ, электро шок т.б.) әкелуге, пайдалануға, сақтауға, таратуға, сатуға;
6.17. Колледж ғимараттарында бұзылған немесе қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға, жөндеуге, жеке телефондарын электр көздеріне қосуға;
6.18. Санитарлық-гигиеналық, тазалық, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не жол, көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзуға;
6.19. Зертханалармен шеберханаларға арнайы киімсіз (халат т.б.), техникалық, өрт қауіпсіздік, еңбекті қорғау ережелерімен таныспай кіруге, жұмыс істеуге;
6.20. Сабақ кезінде ұялы телефондар мен басқада техникаларды (сабаққа қатысы жоқ) пайдалануға;
6.21. Қолданыстағы еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңдылықтарымен тиым салынған іс-әрекеттер жасауға, заттарды әкелуге, сақтауға, сатуға.
7. Студенттің жауапкершілігі
7.1. Оқу жоспарын орындамағаны, Колледж Жарғысында, Студенттердің ішкі тәртіп Ережесінде, жатақханада тұру Ережелерінде, студенттің әдеп Кодексінде көрсетілген міндетерді, тиым салуларды орындамағаны үшін студенттер жауапкершілікке тартылады. Төмендегідей тәртіптік жазалар қолданылады.
- ескерту;
- сөгіс;
- колледжден (оқудан) шығару;
- жатақханадан шығару.
7.2. Студентті оқудан шығару:
1) өз еркiмен берген арызы бойынша;
2) оқу ақысын төлемегені (оқу шартының талаптарын бұзғаны) үшін;
3) денсаулығына байланысты дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтама-қорытындысына сәйкес;
4) басқа оқу орнына ауысуына байланысты;
5) қайтыс болуына байланысты;
6) тәртіпті жүйелі түрде немесе дөрекі бұзу (төбелес ұйымдастыру немесе қатысу, алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық, соларға ұқсас) жағдайында болған, немесе сабаққа осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған, басқа студенттерді құқық бұзушылық жасауға үгіттегені үшін, заңмен тиым салынған заттарды колледжге әкелгені, сақтағаны, пайдаланғаны үшін, ұрлық жасағаны үшін, пара бергені немесе оған делдал болғаны үшін, колледж мүлігіне үлкен зиян келтіргені үшін, ұлтаралық, конфессияаралық қатынастарды бұзатын іс әрекеттері үшін, осы Ережеде көрсетілген тиым салуларды, міндеттерді орындамағаны үшін, бір семестр ішінде қатарынан 72 сағат себепсіз сабақтан қалу және аралық аттестаттау қорытындылары бойынша төрт пәннен қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда педагогикалық кеңестің шешімімен;
7) Заңсыз жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, шерулер ұйымдастырғаны және оларға қатысқаны үшін (құқық қорғау органдарының дәлелді хабарлама негізінде) директордың бұйрығымен.
7.3. Кәмелетке толмаған студент өз еркімен оқудан шығу туралы арыз жазғанда, әке-шешесінің немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі болуы міндетті. Тегiн техникалық және кәсіптік бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған студентті колледж тарапынан оқудан шығару кезінде әке-шешесі немесе заңды өкілі педагогикалық кеңеске шақырылуы, жазбаша түрде ескертілуі міндетті. Оқу ақысын төлемегенi үшiн семестр кезiнде оқудан шығарылған ақылы негiзде оқитын бiлiм алушы төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның iшiнде оқуға қайта қабылданады, бұл ретте бiлiм беру ұйымы төлемақы бойынша қарызын өтегенi туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күнi iшiнде бiлiм алушыны қайта қабылдайды.Бөлім меңгеруші және топ жетекшісі өз еркімен, колледж тарапынан шығарылған студент құжаттарын алғандығын қадағалау, басқа оқу орындарға (мектеп, колледж, ЖОО) немесе жұмысқа орналасқаны туралы анықтама алу міндетті.
7.4. Студентті оқудан шығару туралы ұсынысты топ жетекшісі, пән оқытушысы, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасарлары, тәртіп бұзғандығын анықтаған қызметкер бере алады.
7.5. Студенттке қатысты тәртіптік жаза үлгірімі бойынша сессия аяқталғанан кейін, ал тәртіп бұзған жағдайда бір ай ішінде (анықталған кейін) қолданылады. Ескерту, сөгіс түріндегі жазалар алты айдан кейін алынып тасталады.
7.6. Тәртіптік жаза (ескерту, сөгіс жариялау), оқудан, жатақханадан шығару колледж директорының бұйрығымен рәсімделеді.
7.7. Студент өзіне қолданған жазалар бойынша заң талаптарына сәйкес жоғары тұрған немесе құқық қорғау органдарына шағымдануға құқығы бар.
7.8. Оқудан шығарылған барлық оқушылар шығару себептеріне қарамастан қолданыстағы Ережелерге сәйкес күндізгі және сырттай оқу түріне қайта қабылдануына құқығы бар.
7.9. Колледжде оқу барысында құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін жауапкершілігі – Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шектерде анықталады.
7.10. Материалдық зиян келтіргені үшін - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген еңбек, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шектерде жауапкершілік атқарады.
7.11. Жатақханадан шығару тәртібі: Жатақханадан тұрғындар өз өтінішіне сәйкес, оқу мерзімі аяқталғанда, сырттай оқу бөліміне ауысқанда, оқудан шығарылғанда, жатақхана тәртібін бірнеше рет немесе бір рет дөрекі бұзғаны үшін шығарылады.Жатақхана тұрғындарына ескерту және жатақханадан шығару түрінде тәртіптік жаза қолданылады. Жатақханадан шығарылған тұрғын бөлмені, жиһаздарын комендантқа, төсек жабдығын кастеляншаға тапсыруға және паспорттық есептен шығуға, жиһаздар мен төсек жабдығын тапсырмаған тұрғын оның құнын толық өтеуге міндетті. Жатақханадан тұрғынды (оқушыларды) шығару арнайы комиссияның шешімімен жүзеге асырылады. Жатақханада тұрғынды шығару үшін жатақхана студенттер кеңесінің келісімін алу қажет. Тәртіптік жазаны қолданудан бұрын тұрғыннан жазбаша түсініктеме талап етілуі тиіс, егер оқушы (тұрғын) түсініктеме жазудан бас тартса, тәрбиеші (басқа лауазымды тұлға) тиісті акт толтырады, актіге екі тұрғын (оқушы) қол қоюлары тиіс, тұрғынның түсініктеме жазудан бас тартуы тәртіптік жазаға қолданудан босатпайды. Жатақханадан шығару туралы ұсынысты меңгеруші, тәрбиешілер, жатақхана студенттер кеңесі, комендант (мүлікті бүлдіру, тазалық бойынша) беруге құқығы бар. Жатақханада ішімдік немесе басқа да тиым салынған заттарды (пышақ, газ, бензин, керосин, электрошок, т.б.) пайдаланған, сақтаған, бұзақылық (төбелес) жасаған, бөтен кісілерді кіргізген, түнде қалдырғаны, колледж, басқа тұрғындар мүлігін ұрлағаны үшін тұрғындар жатақханадан ескертусіз шығарылады. Жатақхана ережесінің басқа талаптарын орындамағаны туралы екі рет ескертуі бар тұрғындар үшінші ретте жатақханадан шығарылады.
8. Колледжге (оқуға) қабылдау
8.1. Оқуға (колледжге) қабылдау (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім) тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік ережесімен белгіленеді. Оқуға негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
8.2. Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
8.3. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылардың құрамына алуға конкурс кезінде оқуға түсуге басым құқығы бар және квота көзделген азаматтардың құрамы қолданыстағы заңнамалармен анықталады.
8.4. Арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау ережелерімен белгіленеді.
8.5. Ақылы бiлiм беру қызмет көрсетулерi бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының негiзiнде әзiрленген жұмыстық оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады. Ақылы негіздегі білім беру колледждің, студенттің, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Білім алушы шарт жасасу кезінде бүкіл оқу кезеңіне шығыстарды бір мезгілде төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады. Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеген ретте төлем сомасы жалақының ұлғаюы жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін. Ақылы білім беру қызметі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі орнына көрсетіле алмайды.
9. Студенттерді марапаттау
9.1. Студенттерді марапаттау (көтермелеу) колледждің «Көтермелеу туралы» (Марапаттау туралы) Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
9.2. Оқу жылының қорытындысы негізінде жыл бойы үздік білім, үлгілі тәртіп көрсеткен, қоғамдық-саяси өмірде белсенділік танытқан, біржолғы түрлі деңгейдегі ғылыми, білім, техникалық, спорттық, шығармашылық іс-шараларға (конкурстар, олимпиадалар, байқаулар, жарыстар, көрмелер) қатысып, жүлделі орын алған, қоғамдық тәртіпті, мемлекеттік қауіпсіздікті сақтауда немесе адам құтқаруда көрсеткен ерлік көрсеткен студенттер марапаттауға жатады.
9.3. Студенттерге қолданылатын марапат түрлері:
• Құттықтау
• Алғыс жариялау (Алғыс хат);
• Құрмет Грамотасымен марапаттау;
• Ақшалай, заттай сыйлықақы төлеу;
• «Үздіктер» тақтасына фото суретін енгізу;
• Колледждің «Құрмет» кітабына жазу;
• «Үздік студент», «Белсенді студент», «Үлгілі студент», «Үздік түлек» номинациялары (төсбелгі)
• Оқу ақысынан жеңілдік беру, мемлекеттік тапсырыс негізіндегі (бюджеттік) оқу нысанына ауыстыру.
9.4. Студентті марапаттау туралы ұсынысты оқу тобы, топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасарлары, мемлекеттік органдар, Студенттік кеңес, жастар-студенттер ұйымдары, жеке азаматтар, басқа да заңды тұлғалар бере алады.
9.5. Барлық марапаттар арнайы комиссияның шешімі негізінде директордың бұйрығымен рәсімделеді.
10. Стденттің оқудан тыс уақыттағы тәртібі
10.1. Колледж беделін көтеруге, өзінің білімі мен тәртібін көрсетуге және жоғарлатуға бағыттайды;
10.2. Салауатты өмір салтын ұстанады, насихаттайды және спортпен қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқарады.
10.3. Жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, қоғамдық тәртіпті, заң нормаларын сақтайды, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң, әдепсіз күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
10.4. Заңсыз жиналыстар, митингтер, демонстрациялар, шерулер ұйымдастыруға және оларға қатысуға жол бермейді;
10.5. Қарапайым болуға, көмекке мұқтаж азаматтарға жәрдем береді;
10.6. Өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға тартуға жол бермеуге тиiс.
11. Студенттердің өзін-өзі басқару органдары
11.1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарына сәйкес колледжді басқаруға қатысу мақсатында колледжде студенттердің өзін-өзі басқару органдары құрылады, өкілдері жұмыс істейді. Басқару органдарына Студенттік кеңес, өкілдерге топ старосталары жатады.
11.2. Старостаны әр топтың студенттері сайлайды. Староста қызметіне топта оқитын әрбір студент сайлануға, сайлауға құқылы. Старостаны сайлауды оқу тобында куратор, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ұйымдастырады. Сайлау баламалы болуы міндетті. Староста топ студенттерінің құқықтарымен мүдделерін қорғайтын өкілі болып табылады. Топ старостасы топ жетекшінің (куратор) жетекшілігімен жұмыс жасайды. Староста топта тәрбиелік, қоғамдық, мәдени іс-шараларды ұйымдастырады Топ старостаның міндетіне топта тәртіпті қадағалау, студенттер арасында оқулықтар мен оқу құралдарын мезгілінде алу және бөлу, топтың топ жетекшісіне қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге көмектесу кіреді. Топ старостасына топ бойынша әр күнге кезекшілік ету ретімен кезекшіні тағайындайды. Топ бойынша кезекшіге тәртіпті қадағалау, санитарлық-гигиеналық тәртіпті қадағалау мен мүлікті сақтау, сабақтан кейін зертханалар мен кабинеттерде ылғалды жуып – тазалау жұмысын өткізу, сабақ басталуға дейін қажетті қосалқы материалдар мен көрнекі құралдарды дайындау, оларды сабақтан кейін кабинет меңгерушісі мен зертханашыға мезгілінде тапсыру міндеттері жүктеледі.
11.3. Студенттер кеңесі колледж студенттерінің тұрақты жұмыс істейтін, үйлестіруші, кеңес беруші, өкілетті органы болып табылады. Студенттік кеңестің құзыреті арнайы Ережеде қаралады.
12. Студенттің сабақ уақытындағы тәртібі
12.1. Студент сабақ басталған кезде оқытушыны тұрып қарсы алып, сәлем береді. Сабақ кезінде студенттің аты-жөні аталған кезде орынан тұруға міндетті. Студент сабаққа кешікпей келуге, ұялы телефонды сөндіруге немесе «дыбыссыз» режимге қоюға,бүкіл назарын, зейінінің сабаққа аударуға, әр пәнге арнайы дәптер арнауға міндетті.
12.2. Оқытушының оқыған лекциясын, берілген тапсырмаларды арнайы дәптерге жазып алуға, оларды қайталап оқуға, орындауға міндетті.
12.3. Сабақ уақытында шулауға, өзін және басқа студенттерді сабақтан алаңдатуға, сабаққа қатысы жоқ іс-әрекеттермен (телефонмен сөйлесуге, ойнауға, әңімелесуге, күлуге) айналасуға тиым салынады.
12.4. Студент сабақ уақытында оқытушыға сұрақ қойғысы немесе қойылған сұраққа жауап айтқысы келсе, рұқсат сұрайды.
12.5. Студент дәрісханада санитарлық тазалықты сақтайды, сағыз, пластикалық ыдыстар, тамақ қалдықтарын тастауға болмайды.
12.6. Студент сабақа арнайы форма, зертханаларда арнайы киім (халат), дене шынықтыру сабағына спорттық форма мен аяқ киім киеді.
12.7. Сабақтар арасындағы қоңырау соғылған соң, орнынан тұрып оқытушымен қоштасады, оқытушыдан кейін дәрісханадан шығады