АСҚАР ТАУ АЛЫСТАҒАН САЙЫН АЙҚЫН КӨРІНЕ ТҮСЕДІ…

АСҚАР ТАУ АЛЫСТАҒАН САЙЫН АЙҚЫН КӨРІНЕ ТҮСЕДІ…

2022-10-01

    М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде бекітілген жоспарға сәйкес кітапхана мен «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі…» оқырмандар конференциясы өткізілді. Шараның мақсаты – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы және «Абай жолы» роман-эпопеясымен таныстыру. Студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру, сонымен қатар кітап көрмесімен таныстыру. Әуезов ғұмырнамасын оқырман конференциясына «Жас Толқын» үйірмесінің білім алушыларының бастамасымен жазушының өмірі мен еңбектерін айшықтайтын баяндамаларын кітапхана оқырмандары мен студенттер назарына ұсынып, көп жерде айтыла бермейтін деректі дәйектемелермен таныстырып, сондай-ақ, М. Әуезов туындылары мен өмір жолы жайлы ой-пікірімен бөлісіп, жазушы шығармаларындағы ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер, драматургия саласындағы рөлі жайында сөз қозғап, пікір алмасты. Іс-шара барысында ҚТ-Ж-21К тобының белсенділері «Абай жолы» роман-эпопеясынан ақынның балалық шағынан көрініс ұсынды. «Нағыз интеллегент болсың келсе әдеби кітап оқы»,- деп М. Әуезов атамыз айтқандай, мұндай іс-шаралар білім алушылардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететіні анық. Шара барысында колледж кітапханашысы жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырып, сонымен қатар ілім алушыларды ұлы ақынның тарихи мұраларын оқуға шақырды. Әлемге Абайдай дананы танытып, өзі де қайталанбас бірегей тұлға болып танылған Мұхтардай ұлыға арналған әдеби кешіміз білім алушыларға керемет көңіл-күй сыйлап, белсенді студенттеріміз Алғыс хатымен марапатталды.