ТҰЛҒАҢДЫ АРМАНЫМА ҰҚСАТАМЫН

ТҰЛҒАҢДЫ АРМАНЫМА ҰҚСАТАМЫН

2022-10-04

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде ұстаздар қауымының кәсіби мерекесіне орай «Тұлғаңды арманыма ұқсатамын» атты салтанатты мерекелік кеш өтті. Мерекелік құттықтау сөз, колледж директоры Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызына беріліп, ыстық ықыласы мен мерекелік тілегін білдірді. Ұлағат ұясына сіңірген еңбектері үшін ұстаздар қауымына алғысын айтып, еңбек жолдарына сәттілік тіледі. Білім ордасының басшысы «Физика,математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің химия-биология пәнінің оқытушы Сәпиева Қымбат апайды зейнетке шығу мерей тойымен құттықтап, оқу орны басшысының құттықтау хаты мен сый-сияпаты табысталды. Салтанатты кештің кезекті құттықтау сөзі ұстаздық ұлы жолда еселі еңбек еткен, колледждің дамуы мен өркендеуі жолында аянбай тер төккен ардагер-ұстаз Қымбат апайға берілді. Ұлағатты ұстаз, білікті педагог оқытушылар қауымын кәсіби мерекемен құттықтай отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара үшін колледж ұжымына жылы лебізі мен ризашылығын білдірді. Шара барысында еңбегімен биіктен көрінген, шәкірттерімен топ жарған ұстаздар Қызылорда облыстық білім басқармасы мен колледж директорының Алғыс хаттарымен марапатталды. Мереке қарсаңында кәсіподақ ұйымы атынан ұстаздар қауымына марапаттар мен сыйлықтар табысталды. Мерекелік көңіл күйді еселеген мәртебелі марапаттан бөлек, колледждің өнерлі, жезтаңтай әншілері әнін арнаса, колледждің «Нұргүл» халықтық би ансамблі мың бұралған биімен, білім ордасының «Жігіттер триосы»студенттері керемет хорымен ұстаздарға ыстық ықыласын жеткізді. Ұстаздық жолын киелі қара шаңырағымыздан бастау алып, қадам басып жатқан жас мамандар мерекелік гүл шоқтарымен білім ордасы басшысын және колледж оқытушыларын құттықтап, әсем әндерін тарту етіп, кешті қорытындылады. Қадірменді ұстаздар! Еңбектеріңіз жанып, шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер!