Ақ желкен

Ақ желкен

2022-10-04

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында колледжішілік дәстүрлі «Ақ желкен» педагогикалық фестивалін өткізді. Мақсаты: 1. Оқытушылардың жалпы және дүниетанымдық қабілеттерін шыңдау, логикалық ойлауға, шапшаң шешім қабылдай білуге баулу, жан-жақты білімдерін толықтырып, жүйелей отырып кәсіби біліктіліктері мен құзыреттіліктерін арттыру 2. Спорттық және дене жаттығулары арқылы оқытушылардың салауатты өмір сүре білуге шақыру, педагогикалық тапқырлық пен шапшаңдық, эмоционалдық мәдениет, кәсіби ұқыптылық, шыдамдылық, интеллектуалдық қабілетін дамыту. Педагогикалық фестивальге колледж 5 бөлім 5 оқытушыдан топ құралды. Эстафеталық сайыстың барысы 4 кезеңнен тұрды. Сайыста әр бөлімнен 5 оқытушыдан команда жасақталып, ол командалардың әрқайсысына «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінен бір жауапты оқытушы тағайындалды. Әр команданың формасы, эмблемасы, девизі, аты болуы сайыс ережесінде міндеттелді. Спорттық-интеллектуалдық эстафетада командаға жинақталған оқытушылар түрлі спорттық кедергілерден өтіп, интеллектуалдық тапсырмалар орындады.