Ерлік шамшырағы Мәншүк

Ерлік шамшырағы Мәншүк

2022-10-01

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Өнер» бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың 100 жылдығына арналған «Ерлік шамшырағы Мәншүк» атты Қалалық патриоттық әншілер байқауы өткізілді. ???? Шараның мақсаты - техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында Мәншүк ерлігін ұлықтау. Ел еркіндігін , бостандығын , тәуелсіздігін қанымен қорғаған М.Мәметова сынды тұлғаны үлгі ете отырып, батыр қыздың бойындағы адамгершілік қасиеттерін бойға сіңіру болып табылады. Сонымен қатар бүгінгі күні Мәншүк бейнесі арқылы Отан қорғау жолындағы жанын садаға ететін ұрпақ екенін сезіндіру арқылы елжанды ұрпақ тәрбиелеу. ???? Байқау шарттары бойынша қатысушылар жанды дауыста және кез келген музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындай алатын сайыста он беске жуық қатысушы бақ сынады. Бірінші кезеңде студенттер Мәншүк туралы ән орындаса, екінші кезеңде өз қалауы бойынша еркін тақырыпта ән шырқады. ⚖️ «Ерлік шамшырағы Мәншүк» патриоттық әншілер байқауының қатысушылар өнерін бағалап әділ қазылық жасайтын кәсіби мамандар: ✔️1. Қазылар алқысының төрайымы: Жайназарова Сауле Исламқызы –«Өнер» бөлімінің Музыкалық білім беру мамандығының оқытушысы. Мүшелері: ✔️ 2. Аяпова Тоғжан Дастанқызы – Қызылорда қалалық жастар театрының әртісі. ✔️ 3. Цай Наталя Эмильевна – «Өнер»бөлімінің оқытушысы. ????Қазылар алқасының әділ бағалауы арқылы тума таланттарын еңбекпен ұштастырып, патриоттық әндерді түрлі әуенде сөйлеткен жеңімпаздар марапатталды. ????➢ І орынды Абылай хан колледжінің студенті Жәнібек Сәкен, ????➢ ІІ орынды Болашақ университеті жоғары колледжінің студенті Темірбек Дильназ және «Шет тілі» бөлімінің студенті Кәкім Перизат, ????➢ ІІІ орынды «Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенті Ержан Бақытбекұлы және колледжіміздің «Шет тілі» бөлімінің студенті Есімова Алина иеленді. ???? Сондай-ақ, «Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі» бөлімінің студенті Ескелдиев Айдаулет «Рухты әнші» номинациясын жеңіп алды. Ән бәйгесіне қатысқан басқа қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. ????Жас өрендер ән мен жырдан шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.