ЖІГЕРЛІ ЖАС ПЕН ТАЛАПТЫ ТӘЛІМГЕР

ЖІГЕРЛІ ЖАС ПЕН ТАЛАПТЫ ТӘЛІМГЕР

2022-09-30

    Колледжімізде Жас Мамандар мектебі жоспары аясында өткізілетін мерекелік шарада әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Жігерлі жас пен талапты тәлімгер» педагогикалық КВН ұйымдастырылды. Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға. Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеруде тәлімгер оқытушылардың маңызы зор. Аталмыш шараның мақсаты–жас мамандар мен олардың тәлімгерлері арасында кәсіби шеберлік сайысын ұйымдастырып, жас мамандардың ұжымда жылдам қалыптасуына, өзінің кәсіби біліктіліктерін ұжым алдында көрсете алуына жағдай жасау. Сайысқа қатысушы ұстаздарымыз өз мамандығы мен бағыты бойынша «Қызықты викторина» түрлі тақырыпта дайындалған сұраққа жауап беріп, «Проблемалық ситуация» берілген жағдаяттар арқылы өз шешімдерін айту арқылы сыналып, сондай-ақ арнайы берілген заттардан сабағына қажетті көрнекі құралдарды пайдаланып «Өз қолыммен» және «Креативті құттықтау» сайысында ұстаздарға арналған мерекелік лебіз дайындады. Байқаудың марапаттау кезегінде колледж әдіскері Г. Башарова бағалы пікірлері мен жастарды қуаттайтын жылы ой-пікірлерімен бөлісіп, сайыс бойынша қатысушыларға номинациялар табыстады. Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Ділдәбекқызы осындай мазмұнды шаралардың жүргізіліп отыратындығын ескертіп, ақ жарма тілегі мен колледж әкімшілігі атынан арнайы сыйлықтарын табыс етті. Мерекелік жиын соңында «Жас маман және талапты тәлімгер» сайысына қатысушы жас мамандар, тәлімгерлер ұстаздар қауымен кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, жылы лебіздерін білдірді.