АДАМНЫҢ АДАМШЫЛЫҒЫ – ЖАҚСЫ ҰСТАЗДАН

АДАМНЫҢ АДАМШЫЛЫҒЫ – ЖАҚСЫ ҰСТАЗДАН

2022-10-04

    «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің ББ-Б-21К, ББ-П-21К топтарының ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне орай «Адамның адамшылдығы – жақсы ұстаздан...» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кештің құрметті қонағы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 37 жыл қызмет атқарған ардагер ұстаз Сапиева Қымбат апайдың ұстаздық жолы болашақ мұғалімдерге дәріптелді. Студенттер ұлағатты ұстаздан өмірлеріне нәр болатындай тағылымды кеңестер алып, ардагер ұстазға деген құрметтерін өлең-жырлармен өрнектей білді. Сәпиева Қымбат апай ұстаздық қызмет еткен жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, колледж ұжымына жылы лезібін білдірді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына деген құрмет арта бермек! Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз, құрметті ұстаздар!