ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМЫЗ – СҮЙІКТІ ОТАНЫМЫЗҒА!

ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМЫЗ – СҮЙІКТІ ОТАНЫМЫЗҒА!

2022-10-07

    Білім ұямызда Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың туғанына 100 жыл және оқу орнының құрылғанына 90 жыл толуына орай «ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМЫЗ – СҮЙІКТІ ОТАНЫМЫЗҒА!» атты әскери-патриоттық сайыс ұйымдастырылды. Мерекелік шараға Қарулы күштерінің Құрметті ардагері, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, запастағы подполковник Ршауов Мыңділда Сағидуллаұлы, Қызылорда облыстық ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Баймағанов Қайраддин мырза, Қызылорда облыстық тәжік ауған соғысы ардагерлер ұйымы төрағасы Марат Орынбайұлы, Тәрбие, идеологиялық және әскери патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары Жакипов Алмат Алмасұлы, 66597 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Абиев Арслан Амангалиевич , Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Тілес, «Жас Сарбаз» әскери патриоттық РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әкімжан Төлебай және әскери оқытушылар қатысты. Мәншүк атын аялап, ерлігін ұрпақ жадына ұран етіп келе жатқан, бірлігі мен тірлігі жарасқан оқу орны басшысы Жақсыгүл Қоханқызы сөз алып ұлағат ұясы ұжымын мерейтоймен құттықтады. Колледж ауласында орналасқан «Мәншүк» ескерткішіне естелік гүл қойылып, батыр қыз рухына тағзым жасалды. Сонымен бірге концерттік бағдарламаны тамашалап, 66597 әскери бөлімінің әскери іс-қимылдар мен жауынгерлік дайындықтың түрлерінен көрініс көрсетілді. Бүгінде жас өрендердің әлеуетін көтеру, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген патриоттық сезімді арттыру мақсатында Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жетекшісі, запастағы аға-лейтенант Оңдасын Жолдасбайұлының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында әскери-патриоттық сайыс өткізілді. Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сыналатын бәсеке осы жылы да өз жалғасын тауып, сайысқа қатысушылар саптық қадам басу, Калашников оқу қаруын шашып-құрау, оқжатарға патрондар жарақтаудан және нысанаға дәлдеп тигізуден бақ сынасты. Сайыс нәтижесінде төрешілер шешімімен: М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі – Iорын ????Абылай хан атындағы жоғары колледжі – II орын ????М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – III орын И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі –IV орын Көпсалалы «Болашақ» колледжі – V орын иеленді.  Сайыс қорытындысына сәйкес, үздік атанған колледж жастары марапатталып, сыйлықтар табысталды.  Әрдайым жеңістің тұғырынан көріне беріңіздер, жалынды жастар!