ОҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ СЫЙЛА!

ОҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ СЫЙЛА!

2022-10-08

    «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы бойынша М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Оқы және өзгеге сыйла» атты буккроссинг акциясы өткізілді. Шараға бөлімдердің ПЦК жетекшілері және «Тәрбие» бөлімінің қызметкерлері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – аға-буын оқытушылар арасындағы байланысты нығайтып, кітапқа деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты арттырып, бір-бірімен рухани азық алмасу. Сонымен қатар кітап алмасып, оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау». Буккросинг аясында алғашқы кітабын сыйлау үшін «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің оқытушысы Ұлжан Есмаханова сөз алып, кітап оқудың пайдасын және өз құндылығын жоғалтпайтын рухани қазына екендігін насихаттады. Сондай-ақ, Әуезовтің әлемдік деңгейдегі «Абай жолы» роман-эпопеясын сыйға ұсына келе әрбір жас жеткіншектің оқуға тиіс шығарма екендігін сөз етті. «Қазақ тілі мен әдебиеті, әдістемелерімен» ПЦК жетекшісі Гүлнұр Жүсіпова колледжіміздің 2022 жылғы бітіруші түлегі Санақұл Бексұлтанның «Поэзия – сезім патшасы» кітабын сыйға тартып, жас ақынның «Мәншүк қызға» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. «Кітап сыйлау» акциясы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Жиынға қатысушы оқытушылар әдістемелік кабинеттің интеллектуалдық әлеуетін дамытып, креативті жастардың жан-жақты қолдауына қосқан үлесін жоғары бағалап, ізгі тілектерін білдірді және бірнеше электронды кітаптарды оқитын арнайы сайттармен бөлісіп, құнды ақпараттармен бөлісті. Шара соңында ұстаздар арасында көптеген жақсы естеліктер айтылып, жеке кітапханаларынан әр түрлі жанрдағы сүйікті кітаптары мен журналдарын әдістемелік кабинеттегі арнайы сөреге орналастырды.