ОҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ ҰСЫН!

ОҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ ҰСЫН!

2022-10-08

    «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы бойынша М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің Coworking орталығында кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқы және өзгеге сыйла» атты буккроссинг акциясы өткізілді. Шараға «Шетел тілі» бөлімінің ШТ-Д-21 оқу тобы және «Филология» бөлімінің ҚТ-Ж-22К оқу топтары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.Сонымен қатар кітап алмасып, оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау». «Кітап сыйлау» акциясы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Сондай-ақ, кітапхана қорын түрлі әдебиеттермен толықтыру, білім алушыларды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға аталмыш білім ордасының студенттері қатысып, көптеген құнды кітаптарды қорға тарту етті. Шара соңында студенттер әкелген кітап мазмұнын қысқаша баяндап, арнайы сөреге орналастырды.