Жас Сарбаз

Жас Сарбаз

2022-10-13

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай, Қызылорда облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери патриоттық РҚБ-ның Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастаруымен жас сарбаздарға «Казбат» фильмі көрсетілді.Шараны Қызылорда облысы қорғаныс істер департаменті бастығының тәрбие және идеология бойынша орынбасары подполковник Жакипов Алмат Алмасұлы және Қызылорда облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директор орынбасары Ерлан Сисембиев алғы сөзбен бастады. Фильмнің басты мақсаты- өскелең ұрпаққа қазақстандық жауынгердің ерлігі мен батылдығының үлгісін көрсету. Фильм соңында жас сарбаздарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жайлы сұрақтар қойылып, үздік қатысушы алғыс хатпен марапатталды. Осындай іс-шаралар алдағы уақыттада өзінің жалғасын тауып, жас жеткіншектірдің бойындағы патриотизмді оятуға өз үлесін қосады деп сенеміз.