«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің ұйымдастыруымен «Республика күніне» арналған бөлімішілік дәстүрлі шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды

«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің ұйымдастыруымен «Республика күніне» арналған бөлімішілік дәстүрлі шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды

2022-10-17

    Жарыстың мақсаты – дене тәрбиесін кең көлемде дамыта отырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Студенттердің икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Сондай-ақ, колледж құрама командасына үздік ойыншыларды іріктеу. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің меңгерушісі Қайрат Нұрымбетов өзінің жылы лебізін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Өткізілген спорттық-іс шара барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйлады. Турнирге 8 ер баладан құралған 15 командалық топ қатысып, қызықты ойын өткізілді. Тартысты өткен жолдастық кездесуде жас жеткіншектер бар шеберліктерін ортаға салып, алаңда өздерінің мықтылығы мен дайындықтарын көрсетті. Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар жеребе тартып, сынға түскен қатысушылар кәсіби спортшылардан кем өнер көрсеткен жоқ. Жарыстың бас төрешілері А.Байымбетов, С.Ботаев және бөлім оқытушыларының шешімімен: І орынды ДТ-Ә-19К, ІІ орынды ДТ-Ә-21К, ІІІ орынды ДТ-Ф-22, IV орынды ДТ-Ә-20К топтары иеленді. Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен бірқатар ойыншыларға арнайы: «Үздік ойыншы» номинациясы Ұлан Ерсұлтан, «Үздік қақпашы» номинациясы Тұрмахан Бахытжан, «Үздік қорғаушы» номинациясы Медеу Бексұлтан, «Үздік гол» номинациясы Қабидулла Ерсұлтан, «Үздік шабуылшы» номинациясы Қайыпбек Нұрдосқа табысталды. Жалпы командалық есептің қорытындысы бойынша жарыста орын алған командалар және осы жарыста үздік танылған қатысушыларға дайындалған дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.