«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН:ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН:ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»

2022-10-21

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 25 қазан – республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Аталған шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, философия докторы Д.К.Омаров, Болашақ университетінің аға оқытушысы Е.А.Елеуов, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Т.Ш.Бекмырзаев, «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сы оқытушылар құрамы және бөлім студенттері қатысты. Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы, философия докторы Д.К.Омаров ашып, қайта жаңғырған Республика күнімен құттықтады. «Егемендік–ел тұғыры» тақырыбында білім алушыларға баяндама оқып, Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Болашақ университетінің аға оқытушысы Е.А.Елеуов Республика күнін мемлекеттік мереке мәртебесіне қайтаруды «маңызды және тарихи шешім» екендігін баяндап, еліміздің болашағы жас ұрпақты жан-жақты қабілетке ие болу үшін білім алуға шақырды. Көк байрақтың иесі Көктүрікпін, Дербестігім діңгегім деп біліппін. Мен қазақпын, танып ал Мәңгі елмін, Тамырында табы бар тектіліктің,-дей келе «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Т.Ш.Бекмырзаев Республика күніне арналған «Көк байрақтың иесі көк түрікпін» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. Сөз соңында жиын қонақтары барша жастарды ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру жолында бірлікте болуға, Президентіміз жолдаған «Жаңа Қазақстанды» құруда бар күшімізді, кәсіби біліктілігімізді ел мүддесіне жұмсауға шақырды. ???????? Жарқын болашаққа қадам басып келе жатқан халқымыз үшін егемендігіміз мәңгі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!