МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ ТАРИХЫ

МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ ТАРИХЫ

2022-10-20

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сы оқытушыларының ұйымдастыруымен 25 қазан - республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Менің елімнің тарихы» тақырыбында студенттерге облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Студенттер музейдің табиғат, археологиялық, Ұлы Отан соғысы, ауылшаруашылығы, мәдени залдардағы құнды жәдігерлермен танысып, өлкеміздің тарихи тұлғалары жайлы мағлұматтар алды. Музей экспонаттарымен танысу арқылы олардың тек тарихи-танымдық түсініктері ғана емес, туған топырағына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктері де қалыптасты. Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғынды, сондай - ақ, колледж студенттері өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғына білді.