Патриотизм дауысы

Патриотизм дауысы

2022-10-22

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 25 қазан – Республика күніне орай мемлекеттік ту көтеру және «Патриотизм дауысы» жаппай ҚР гимнін орындау шарасы өткізілді. Ұлтымыз үшін көгімізде желбіреген көк байрақтан қасиетті нышан жоқ. Шарамыздың басты мақсаты– жастар бойындағы патриотизмді арттырып, республика күнін атап өту. Мемлекеттік Гимн құрамында «Менің Қазақстаным» сөзінің болуы өз еліміздің бар екендігін, оның Қазақстан екенін, Қазақ елінің иесі біз екенімізді мәңгі ұғындырып тұратындай. Көк туымыз көкте желбіреп, биіктен шарықтай берсін! ????????Құтты болсын, егемендік – азат күн!