ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. ТАЗА ТАБИҒАТ

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН. ТАЗА ТАБИҒАТ

2022-10-22

    2022 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Президентімен «Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты жалпыұлттық экологиялық акциясы бастау алды. Осыған орай М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж студенттері 25 қазан – республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» тақырыбында «Айтбай» мешітінде өткен тазалық шарасына қатысты. Акцияның мақсаты - табиғатқа немқұрайлы қарамайтын жастарды біріктіру және халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру болып табылады. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау-әрбір азаматты басты міндеті. Сондықтан, алдағы тазалық шараларына қала тұрғындарын бірлесе атсалысуға шақырамыз!