ӨЗІМ ОҚЫП ШЫҚТЫМ, САҒАН ДА ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМ!

ӨЗІМ ОҚЫП ШЫҚТЫМ, САҒАН ДА ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМ!

2022-10-27

    Колледжімізде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапхананың ұйымдастырумен «Coworking» орталығында «Өзім оқып шықтым, саған да оқуға кеңес берем» библио-кросы өткізілді. Шараның мақсаты мен міндеттері: азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттырып, шығармашылығын дамыту. Адамгершілік, адалдық, тәрбиелілік пен қатар сауаттылыққа тәрбиелеу. Сондай-ақ, көркем әдебиет пен әлем классикалық әдебиетті насихаттау, өз ойларын жетік жеткізе білуге дағдыландыру. Оқырмандардың көркем әдеби кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада клуб мүшелері айына бір рет бас қосып, белгілі бір шығарманы оқып пікір таластырады. Библио-кроста белгілі жазушы, қазақ қарасөзінде өзінің ешкімге ұқсамайтын стилімен, соны пішінімен даралана білген жазушы Б. Нұржекеевтың «Күй толғақ» повесі және бірнеше шығармалары талқыланды. Оқырмандар жазушы шығармаларын талқылап, оралымды ойларын ортаға салған ашық әңгіме болып өтті. Бас қосу соңында келер айға Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы оқуға ұсынылды. Дәстүрімізді сақтай отырып, келешек ұрпақтың рухани байлығын арттыратын осындай іс-шараларды өткізудің тәрбиелік мәні зор. Бар білімнің асылын кітаптан табанымызды ұмытпағанамыз абзал.