Өзгелерді үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз

Өзгелерді үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз

2022-10-29

????М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Өзгелерді үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз» тақырыбында ПЦК жетекшілерімен іскерлік ойын өткізілді. ????Мақсаты: ПЦК жетекшілерінің кәсіби шеберлігін шыңдап, құқықтық сауаттылығын арттырып, жаңа ақпараттармен қаруландыру. ????Іскерлік ойынға он алты ПЦК жетекшілерінен 4 топ жасақталды. Бірінші кезеңде қатысушылар құқықтық-нормативтік құжаттармен жұмыс жасап, заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы сөз қозғады. Іскерлік ойын басқа топтармен серіктес ретінде нақты міндеттерді алға қойып, оны шешуге атсалысуға септігін тигізді. Іскерлік ойынның ІІ бөлімінде колледж психологы Нұргүл Жүрсінбек тренинг жүргізді.