«Құқықтық мәдениет» арнайы жоба аясында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Құқықтық сауат-қоғам сұранысы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Криминалды полиция бөлімі бастығының орынбасары Ж.Н.Романқұлов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Д.К.Омаров және бөлім оқытушылары қатысты. Кездесу алаяқтық қылмыстарды болдырмау, алдын алу бағытында өткізілді. Азаматтардың құқықтық мәртебесін қорғап, алаяқтық қылмыстардың алдын алудағы мәселелер бойынша Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Криминалды полиция бөлімі бастығының орынбасары Жомарт Нұрланұлы сөз сөйледі. Жиында қала көлемінде алаяқтық қылмыстардың орын алып отырған деректері және қылмыстық көрсеткіштердің жалпы төмендегенімен алаяқтардың арбауына түсіп жатқан тұлғалардың аз еместігі туралы баяндалды. Шара барысында қатысушылардың назарына Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы әзірлеген алаяқтық туралы видеоролик назарға ұсынылды. Осы ретте, азаматтарға алаяқтардың арбауының құрбаны болмас үшін өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттарын, банк карточкалары жөніндегі мәліметтер және қосымша қандай да бір ақпараттарды екінші, үшінші тұлғаларға бермеу қажеттігі мен несие рәсімдеу кезінде тек құзырлы органдарға жүгіну қажеттігі ескертілді.