МӘНШҮК МАУСЫМАШАРЫ - 2022

МӘНШҮК МАУСЫМАШАРЫ - 2022

2022-11-02

    Бүгінде көпшілік жастардың бірден-бір шығармашылық ортасы – «Жайдарман ойындары». Оқу орнымызда Жастар комитетінің ұйымдастыруымен «МӘНШҮК МАУСЫМАШАРЫ-2022» колледжішілік жайдарман ойыны өткізілді. Колледжішілік командалар арасында өткен жайдарман сайысына 7 команда қатысып, әзіл бәсекесінде бақ сынады. Жас әзілкештердің ойынына Қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Шакизат Қаратайұлы, жайдарманшы, шоумен Аян Сапарбаев, колледж оқытушысы, хореограф Жайна Құрманғазықызы, колледж түлегі, «Жастар рухы» ЖҚ ҚОФ жоба меңгерушісі Бекзат Ешмұратов әділқазылық етті. Тартысты әзіл сайысының нәтижесінде «Стипендия» командасы директор кубогінің иегері атанды. Сондай-ақ ойын соңында лоторея өткізіліп, сыйлықтар ойнатылды. Әзіл көркін қыздырған кешке жастар арасында «Мәншүк» құрамасы өнер көрсетіп, қонақтардың көңіл күйін көтерді.