Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын-алу шаралары

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын-алу шаралары

2022-11-03

    Оқу орнымызда Қызылорда Облысының Білім Басқармасы «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын-алу шараларын жетілдіру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы» жоспарына сәйкес «Психикалық саулықты сақтау және нығайту дағдылары» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен жиын өткізілді.         Шараның мақсаты – арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырып, психикаға белсенді әсер ететін зиянды заттар туралы ақпарат беру, олардың адам ағзасына кері әсерін түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. ????Аталған шараға «Облыстық жастар денсаулық орталығының» валеологы Гульдана Альмурзаева, колледж медбикесі Гүлжахан Айжанова, колледж психологтары Жанат Уәлибекқызы мен Нұргүл Жүрсінбек және бірқатар оқытушылар мен студенттер қатысты. «Облыстық жастар денсаулық орталығының» валеологы Г.Альмурзаева темекі тартудың, электронды темекілердің зияны және есірткі және спиртті ішімдіктердің жастар денсаулығына әкелер қаупі мен зияны жөніндегі тақырыпты тарқатып айтты. Сондай-ақ, темекінің денсаулыққа зияны туралы слайд, видеоролик көрсетілді. Аталған тақырыпқа сай колледж медбикесі Г.Айжанова да пікір білдіріп, зиянды әрекеттерден аулақ болу – әр жас жеткіншектің жарқын болашағының кепілі екенін айтып өтті. Шара барысында «Өнер» бөлімінің студенттері «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында флешмоб қойып, «Жігер»квартетінің талантты өнерпаздарының орындауында «Қазақстаным» әні шырқалды. Колледжіміздің белсенді студенті Расул Базарханұлы «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. Шараны соңында колледж психологтары қатысушыларды психологиялық қолдау мақсатында «Орманға саясат», «Әріптер сөйлейді» атты семинар-тренинг жүргізді. Тренинг барысында толық және қызықты мағлұмат алған студенттер алғыстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.