КОЛЛЕДЖ АРУЫ-2022

КОЛЛЕДЖ АРУЫ-2022

2022-11-11

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Колледж аруы – 2022» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – сыры мен сымбаты, ақылы мен парасаты, талғамы мен талабы үйлесім тапқан колледж аруын анықтау арқылы жастарға рухани – эстетикалық тәрбие беру болды. Ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін 6 аруларымыз төрт кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты. Бар шеберліктерін салып өнер көрсеткен арулар сұлулылығы мен сымбаттылығы, ақылдылығы, инабаттылығы, өзін-өзі ұстай білуі, өнері, ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу, білім деңгейлеріне қарап бағаланды. Сайысымыздың соңғы бөлімінде қыздарымыз «Қонақ күте білесіз бе?» айдарында қолдан тағамдарын дайындап, өздерінің ептіліктерін көрсетті. «Колледж Аруы» атанамын деп келген қыздардың білімділігімен қатар тапқырлығы да сынға түсті. Қазылар алқасы сайыскерлерді бағалай отырып, әділ шешім жасауға тырысты. Байқау қорытындысы бойынша өз білімімен, өнерімен, жан-жақтылығымен «Өнер» бөлімінің білім алушысы Берік Шұғыла жеңімпаз атанып, «Колледж аруы-2022» атағын иеленді. Сонымен қатар, байқауға қатысушы аруларымыз үздік өнер көрсеткені үшін марапатталып, сыйлықтар табысталды. Колледждің ару қыздарының сән мен сымбат кеші барлық жастарға мереке тұсында көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.