ҚР Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту, қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу, мәдениет деңгейін арттыру бойынша аймағымыздағы арнаулы орта оқу орындарындағы (колледж) жастармен өткізілетін ақпараттық түсіндірме жұмысы негізінде «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Жиынға «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі басшысының орынбасары Аралбек Боранбаев, Облыстық білім басқармасы оқу орталығының әдіскері Жанат Бексейтова, Жастар ісі жөніндегі инспектор Ш.Жалғасбекұлы және топ студенттері мен жетекшілері қатысты. Кездесу жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында өтті. Сонымен қатар, білім алушы колледж студенттері мен мектеп оқушыларының оның ішінде діни білімге қызығушы жастардың қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сондай-ақ зайырлылықтың негізгі қадиғаттары түсіндіріліп, жан-жақты талқыланды. Кездесу соңында аталған тақырып төңірегінде студенттер өз ойымен бөлісіп, пікір алмасты.