Математика, информатика, физика, химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада өткізілді

Математика, информатика, физика, химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада өткізілді

2022-11-15

14 қараша күні Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 1 курс студенттері арасында математика, информатика, физика, химия және биология пәндерінен облыстық олимпиада өткізілді. Білім бәйгесінде 100-ден аса студент бақ сынады. Мақсаты - білім алушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету. Қатысушылар алғашқы кезеңде компьютерлік тест тапсырмасы арқылы базалық білімдерін көрсетіп, келесі кезеңде математика, химия, физика пәндерінен есептер, биология пәнінен практикалық тапсырмалар және информатика пәнінен видеомонтаждау орындады. Олимпиадаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қызылорда қалалық мектептердің озат тәжірибелі мұғалімдері төрелік жасады. Аймақтық білім бәйгесінде математика пәнінен 24 студент, физика пәні бойынша 27 студент, химия пәні бойынша студент, биология пәні бойынша 17 студент, информатика пәні бойынша 14 студент бақ сынады.

Олимпиада қорытындысы бойынша химия пәнінен: I орын М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің білім алушысы Ниязбекқызы Нұрдана, жетекшісі Мешітбай Б, II орын Қызылорда медициналық жоғары колледжінің білім алушысы Тынысбек Керімхан Асылханұлы, жетекшісі Биболатова Салтанат Нуралиевна, III орын И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық жоғары колледжінің білім алушысы Өтеш Аян Темірханұлы, жетекшісі Смайлова Сауле Алихановна.

Биология пәнінен: I орын «Болашақ» жоғары медицина колледжінің білім алушысы Есеналиева Айзат Қожабайқызы, жетекшісі Қанибаева Қарлығаш Әбубәкірсыдыққызы, II орын М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің білім алушысы Бекжанова Айсауле Қанатқызы, жетекшісі Ешпанова Р, III орын М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің білім алушысы Мұхамеджан Азиз, жетекшісі Есханова Зауре.

Информатика пәнінен: I орын Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің білім алушысы Сансызбай Әліораз Сәбитұлы, жетекшісі Ералиева Ақсәуле, II орын М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің білім алушысы Тұрсынбай Мұхтар Жамбулұлы,жетекшісі Аманбаева Г, III орын Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің білім алушысы Тұрғанбай Нұргүл, жетекшісі Каликова Жанар.

Математика пәнінен: I орын «Өркениет» медициналық колледжінің білім алушысы Қарғабаев Мақсат Талғатұлы, жетекшісі Ғаниева А.Ғ. II орын И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық жоғары колледжінің білім алушысы Жолдыбаев Мансұр Бақдәулетұлы, жетекшісі Айтымбетова Қалимаш Қанибайқызы III орын М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің білім алушысы Жанқуат Ақбота Бахытқызы, жетекшісі Ғазиза Суханбердина.

Физика пәнінен: I орын Қызылорда медициналық жоғары колледжінің білім алушысы Нұрғали Диас Дастанұлы, жетекшісі Жамалатова. Г.О, II орын Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің білім алушысы Әлімбаева Ұлбосын Қылышбекқызы, жетекшісі Оспанова Айнур Умирзаковна, III орын Қармақшы аграрлы – техникалық колледжінің білім алушысы Машенова Альфия Алтынбекқызы, жетекшісі Бағыланбаева Нұргүл Яхобқызы. Олимпиада соңында жеңімпаз студенттер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға олимпиадаға қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталды.