«Жұмыс берушілермен ынтымақтастық – колледж дамуының негізі» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу өткізілді

«Жұмыс берушілермен ынтымақтастық – колледж дамуының негізі» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу өткізілді

2022-11-15

⚜️Республика көлеміндегі барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс берушілер күніне» іс-шаралар өткізілуде. Осы орайда М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Жұмыс берушілермен ынтымақтастық – колледж дамуының негізі» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу өткізілді. Шараға Облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері мен мектеп директорлары және кәсіпорын басшылары қатысты. ⚜️Іс-шараның мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау. ⚜️Шара барысында жұмыс берушілерге білім ордасының материалдық-техникалық базасымен таныстыру экскурсиясы өткізілді. Колледждің оқу кабинеттері, шеберханалар, «IT-HUB» лабораториясы, «Білім нұры» педагогикалық сабақтастық галереясы, «Құзіреттілік орталығы» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының «Дуалды оқыту алаңының» жұмыс барысын атап өтіп, студенттердің енгізген жаңа жобалары таныстырылды. ⚜️Айтулы шарада Сыр өңіріндегі жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекеме басшылары бас қосқан бүгінгі жиында мерекемен құттықтап, марапаттау үшін алғашқы сөз колледж директорының міндетін атқарушы Гүлзира Уалиханқызына берілді. Сондай-ақ, колледждер мен жұмыс беруші кәсіпорындар арасындағы екі жақты келісімге №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты мен Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №269 орта мектебі арасында ынтымақтастықты әрі қарай нығайту мақсатында әріптестік меморандумға қол қойылды. Меморандум дуалды оқыту, академиялық дербестік, мақсатты оқыту, тағылымдамадан өту сияқты бірнеше бағыттар аясында жүргізілді. ????Кездесу барысында үздік жұмыс берушілер Оқу-ағарту министрлігінің, Қызылорда облысы білім басқармасының және жергілікті атқарушы органдардың және колледж директорының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. ⚜️Сонымен қатар, «Жұмыс берушілермен ынтымақтастық – колледж дамуының негізі» тақырыбындағы кездесу диалог алаңына ұласып, оқытушылар мен бітіруші студенттердің арасында кері байланыс орнатылып, студенттер өз сұрақтарына жауап ала білді. ????Сөз соңында М.Мәметова атындағы Қызылода педагогикалық жоғары колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Жадыра Орманқызы «Жұмыс берушілер күнімен» құттықтай келе, жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, әрі қарай жұмыстарының жандануына сәттілік тіледі.