СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

2022-11-17

    Қызылорда облысы білім басқармасы, облыс әкімі, облыс прокуроры, облыстық полиция департаменті бастығымен бекітілген «Қызылорда облысының 2022 жылға арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың, суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына» сәйкес 16 қараша күні М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 2 курс студенттері арасында Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында «Өмір қымбатсың маған... » тақырыбында сала мамандарының қатысуымен денсаулық сағаты өткізілді. Шараға «Али-Нұр» клиникасының жалпы тәжірибелік дәрігері Н.А.Каметова, «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының дәрігері Т.Мұхамбетқызы, аймақтық №1 емхананың психологы Ж.Б.Оразалиева, колледж медбикесі Г.М.Айжанова, колледж психологтары Ж.Уалибекқызы мен Н.Жүрсінбек және топ студенттері қатысты. «Али-Нұр» клиникасының жалпы тәжірибелік дәрігері Н.А.Каметова «Суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбына байланысты баяндама оқыды, сондай-ақ, «Облыстық салауатты салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Т.Мұхамбетқызы мінез-құлықтың салдары мен психологияға әсері жайлы түсіндірді. Аймақтық №1 емхананың психологы Оразалиева Жазира Болатқызы: «Суицид (өзін-өзі өлтіру) – бұл қашып кетумен теңелетін жай, проблеманы шешуден қашу, біздің өміріміздің әр алуандығын құрайтын жаза және абыройсыздық, қорлану және үмітсіздіқ, түңілуден, қазадан, көңілі қалғандықтан, өзіне өзі құрметі жоғалғандықтан қашуды білдіреді. Өзіне қол жұмсауды таңдаған жасөспірімдердің көпшілігі шын мәнісінде өлгісі келмейді екен (бұны ажалдан құтқарылып қалған жасөспірімдер растады). Осылайша олар бір немесе бірнеше проблеманы шешуге тырысады. Бірақ уақытша проблеманы олар бірден және бір жола шешеді. Жастар осылайша, оларға тым ауыр көрінетін өмір ауыртпалықтарынан қашып кеткісі келеді. Сондай ауыртпалықтар оларды эмоциялық және дене күйзелісіне ұшыратады, сондықтан да олар өлім осы күйзелістен құтқарады деп ойлайды»,- деп сөзін түйіндеді. Шара соңында студенттер тарапынан сала мамандарына бірқатар сауалдар қойылып, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары жайында ақпараттар берілді. Колледж психологтары қатысушыларды психологиялық қолдау мақсатында семинар-тренингтер жүргізіп, шара барысында толық және қызықты мағлұмат алған студенттер алғыстарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті!