ІЗДЕНІС ЖОЛЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ!

ІЗДЕНІС ЖОЛЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ!

2022-11-17

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Мектепке дейінгі педагогика» ПЦК-ның ұйымдастыруымен «Ізденіс жолындағы шығармашылық – биікке жетелейді» тақырыбында тәжірибелік алаң өткізілді. Мақсаты: ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағыттау. Білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Тәжірибе алмасу алаңына Қызылорда облыстық оқу орталығының орынбасары Г.Б.Дихамбаева, Шиелі аудандық «Айналайын» бөбекжай бақшасының әдіскері И.А.Тоқсанбаева, «Бегім Ана» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Ж.М.Муханбеткалиева, бөлім меңгерушісі С.А.Назарова және топ студенттері мен оқытушылары қатысты. Шара барысында Қызылорда облыстық оқу орталығының орынбасары Дихамбаева Гүлнар Батырбекқызы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыруда педагогикалық үдерісті жаңаша ұйымдастыру» тақырыбында баяндама оқып, биылғы оқу жылындағы ерекшеліктерді бітіруші түлектерге жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, Шиелі аудандық «Айналайын» бөбекжай бақшасының әдіскері Индира Арызбайқызы «Ойын - баланың жетекші әрекеті» және «Бегім Ана» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Жанат Муханбетқалиқызы «Мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі сапалы трансформация»тақырыбында баяндама жасап, «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойына екі педагог» пилоттық жобасының мақсат-міндетін ашып түсіндірді. Тәжірибелік алаң соңында заттық-дамытушы ортаны балаларға қолжетімді етіп жабдықтау іс-тәжірибесі бойынша бейне материалдар ұсынылып, студенттер мен әріптес қонақтар бірігіп түрлі әдіс-тәсілдер бойынша тапсырмалар орындады.