ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРМЕН

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРМЕН

2022-11-19

    Білім ордасында 17 қараша - Халықаралық студенттер күніне арналған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРМЕН!» атты салтанатты кеш өтті. Мерейлі мереке аясында дәстүр бойынша салтанатты түрде 1 курс білім алушыларына студенттік билет табысталды. Мерекелік жиынның ашылуында колледж басшысының міндетін атқарушы Гүлзира Уәлиханқызы болашақтың кілті білімді, өнерлі, табысты жастардың қолында екенін айта келіп, алдағы жаңашыл бастамалар, заманауи бағдарламалар, креативті жобаларға нақты іспен атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, колледжіміздің жеткен жетістіктері мен болашақтағы жоспарлары туралы қысқаша сөз етті. «Жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткен шараға жастар жанашыры, «Жастар Рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Медет Жорабек және «Жастар ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ерлан Сисенбиев қонақ болып, студенттерді мерекемен құттықтады. Шара соңы мерекелік концертке ұласып, әсем ән, жастық жалынға толы заманауи би және жас жайдарманшылар өнері думанды кештің көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қымбатты шәкірттер, мереке құтты болсын! Студенттік жылдар жарқын, көңілді және есте қаларлық сәттерге толы, керемет білім мен қажымас ынта, сүйікті және беделді мамандыққа жетелесін!