«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» СЫР ЕЛІНДЕ

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» СЫР ЕЛІНДЕ

2022-11-21

    Бүгін колледж ұжымы Республикалық «Үздік педагог – 2022» байқауының жеңімпазы Есмаханова Ұлжан Әлібайқызын теміржол вокзалынан ерекше ықыласпен күтіп алды. Мектепке дейінгі білім беру саласына қолтаңбасын қалдырған білікті маман, Сыр елінің абыройын арттырып, жеңіс тұғырынан көрінген ұлағат ұясының ұстазы Ұлжан Әлібайқызын күтіп алу сәтіне колледж директоры, директордың орынбасарлары, бөлім меңгерушілері мен оқытушылары барып, үздік педагогты жеңісімен құттықтап, гүл шоқтарын табыстады. Сіздің еңбек жолыңыз – ұлағат ұясының ұстаздары үшін үлгі және барша Сыр елінің жеңісі, қуанышы! Аймақ абыройын асырып, биік белеске шыққан ұстазды марапатымен құттықтаймыз!Мерейіңіз үстем болып, абырой биігінен көрініңіз!