ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ – А.БАЙТҰРСЫНОВ

ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ – А.БАЙТҰРСЫНОВ

2022-11-22

    Бүгін Облыстық оқу орталығы(әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ – А.БАЙТҰРСЫНОВ» тақырыбында облыстық педагогикалық оқу өткізілді. Шараға техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары, жалпы мектептер және колледж оқытушылары мен студенттер қатысты. Педагогикалық оқудың мақсаты - түрколог, дарынды ақын, ұлттық жазудың реформаторы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолын насихаттау, шығармашылығын терең, жан-жақты меңгерту, мектепте және колледжде өтілуін бағамдау, шығармашылығын ұлықтау. Педагогикалық оқуда ағартушының тәрбиелік мұраларына байланысты 3 секция жұмыс жүргізді. • «А. Байтұрсынұлы шығармаларын оқыту: мазмұн, тәжірибе, нәтиже» дөңгелек үстелі, «А.Байтұрсынов – тұғыры биік тұлға» атты «Жас толқын» шығармашыл жастар үйірмесінің жұмыстары, • «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында студенттердің зерттеу ғылыми жобалары. Шараның алғысөзін колледж директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Дана Ділдәбекқызы алып, А.Байтұрсыновтың ұлттың рухани ұстазы ретіндегі ұлт руханиятына қосқан үлесі, келелі ойлары мен еңбектеріне тоқталып, колледждің оқу-тәрбие процесінде мұраларын пайдалану жолдарын атап өтті және А.Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік мұраларына арналған бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, «Жас Толқын» үйірмесінің білім алушыларының бастамасымен «А.Байтұрсынов – тұғыры биік тұлға» жиынында қоғам қайраткерінің өлеңдерін мәнерлеп оқып, А.Байтұрсыновқа арналған арнау өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Әрі қарай педагогикалық оқуға қатысушылар «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында білім алушылар өз зерттеу жұмыстарын қорғап, шара соңында ұсыныс-пікір алаңында бас қосты. Оқудың пленарлық отырысын облыстық білім басқармасы облыстық оқу орталығы (әдістемелік орталығы) техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Бексеитова Жанат Мнажқызы педагогикалық оқуға қатысқан қонақтарымызға, баяндамашыларға және өткізуге атсалысқан «Филология» бөлім оқытушыларына алғысын білдіріп, шараны қорытындылады. Жиын соңында барлық баяндамашылар А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай техникалық және кәсіптік оқу орындары мен мектеп мұғалімдері арасында «Ұлттың рухани ұстазы-А.Байтұрсынов» тақырыбында үздік баяндама оқыған колледж оқытушылары мен студенттері «Алғыс хатымен» марапатталып, қатысушыларға облыстық дәстүрлі педагогикалық оқуға қатысқаны үшін сертификат табысталды.