Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

2022-11-25

    Облыс әкімі, облыс прокуроры, облыстық полиция департаменті бастығымен бекітілген «Қызылорда облысының 2022 жылға арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың, суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына» сәйкес 25 қараша күні М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша түсіндірме профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Мақсаты - білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын сақтау. Жиынға жауапты орган ретінде ББ тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары бөлімінің бас маманы Ш.Р.Байғазиева, Облыс прокурорының аға көмекшісі Ә.С.Есқараев, ОПД, ЖПҚБ, ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Р.Е.Абдразақова, Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция Р.А.Жұмадилдаев, Облыстық оқу орталығы (әдістемелік орталығы) техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Ж.М.Бексеитова, Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Д.Б.Айбусинова,«Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы Г.Ғ.Нетбаева, «Облыстық жастар денсаулық орталығының» валеологы Г.Альмурзаева қатысты. Сала мамандарының қатысуымен өткен шарада білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету шаралары қамтылды. Жиынды колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы ашып, оқу орнында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қызылорда қаласы ОПД, ЖПҚБ, ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Р.Е.Абдразақова жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, зорлық-зомбылық, бопсалау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара аясында кәмелет жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы айтылып, тақырып аясында бейнероликтер мен арнайы дайындалған слайд көрсетілді. Колледж директоры және колледж әкімшілігі қатысқан шарада студенттер пайдалы құқықтық ақпарат алып және кері байланыс орнатылып, студенттер өз сұрақтарына жауап ала білді.