«EFFECTIVE METHODS OF TEACHING ENGLISH» тақырыбында семинары өткізілді

«EFFECTIVE METHODS OF TEACHING ENGLISH» тақырыбында семинары өткізілді

2022-11-30

    26 қараша күні «Шетел тілі» бөлімінің апталығы аясында Қызылорда облысы ағылшын тілі мұғалімдері «ТЕК»Ассоциациясы мен М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі «Шетел тілі» бөлімінің оқытушылар Л.Фазылова, Р.Жолаушиеваның ұйымдастыруымен «EFFECTIVE METHODS OF TEACHING ENGLISH» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты - оқытушылар арасындағы әріптестік қатынастарды дамыта отырып, тәжірибе алмасуда жаңашылдықты қалыптастыру; оқытушылардың ағылшын тілі сабағында қолданатын әдістемелік, жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшеліктері туралы тәжірибе алмасу. Семинарға жоғары білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері, сондай-ақ «Шетел тілі» бөлімінің оқытушылары мен 3-4 курс студенттері қатысты. Семинар спикерлері: 1.“Future English Online Teacher Community Programme Contest”- Қызылорда облысы Ағылшын тілі мұғалімдерінің «ТЕК» ассоциациясы президенті Кеншінбай Темірболат Ыбрайұлы; 2. “Methods of teaching Biology in English” - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің докторанты Ахмедова Гульмира Байкенжеевна; 3. “Media in today’s world”- М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Шетел тілі» бөлімінің оқытушысы Жолаушиева Рыскал Шанжархановна; 4. “Excellent digital resources for English language learners” -М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Шетел тілі» бөлімінің оқытушысы Баймұрат Сәуле; 5. “English somatic idioms are easy to learn” - Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Сейтпанова Мақпал Қыстаубайқызы. Тәжірибелік алаң соңында оқытушылардың ағылшын тілі сабағында қолданатын әдістемелік, жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшеліктері туралы баяндамалар оқытылып, студенттер мен әріптес қонақтар бірігіп түрлі әдіс-тәсілдер бойынша тапсырмалар орындады.