«Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жалғасуда

«Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы жалғасуда

2022-11-29

    29 қараша күні «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттерімен жиын өткізілді. Кездесуде жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мағлұматтар беріліп, отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу, жолын кесу және де жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. - Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар болғандықтан, негізгі мақсат әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала мен ананы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлінің нығаюы үшін қолданылатын шаралармен тұрғындарды таныстыру. Әйелдерге, қыз балаларға қатысты құқық бұзушылық, оның ішінде зорлық зомбылық фактілеріне тап болсаңыз, куәгер болсаңыз, сіз өзіңіз тұратын мекенжайыңызға қарасты учаскелік пунктіне немесе дереу сенім телефоны «102» арнасына хабарласа аласыз»,-деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Рахымжан Жұмаділдаев. Қатысушыларды психологиялық қолдау мақсатында колледж психологы Н.Жүрсінбек семинар-тренинг жүргізді. Семинарымыз «Құбыр ойыны», «Үй, адам, ағаш» деп аталатын жаттығулармен қорытындыланды. Кездесу соңында студенттер тарапынан өздерін толғандырған сұрақтар қойылып, арнайы дайындалған флешмобты тамашалады.