«Үздік жүргізуші - 2022» байқауы

«Үздік жүргізуші - 2022» байқауы

2022-11-29

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Үздік жүргізуші - 2022» атты жүргізушілер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты - жастарды тіл тазалығын сақтауға, ана тілін құрметтеуге баулу, тіл мәртебесін көтеру, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру. ???? Аталмыш шараға барлығы 30-ға жуық талапкерлер қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты. Байқау шарты бойынша қатысушы өзі дайындап әкелген мерекелік сценарийді оқып, сондай-ақ, дауыс ырғағын көрсетуге мүмкіндік беретін шығарма дайындап, қара сөз, өлеңдер, көркем шығармалардан үзінділерді мәнерлеп оқыды. Шешуші кезеңде арнайы жағдаяттық сұрақтар беріліп, талапкерлердің сахнаға шығуы, жарасымды қимыл- қозғалысы, сөйлеу мәдениеті мен сахнаны меңгеруіне ерекше көңіл бөлінді. Төрешілердің әділ бағалауымен байқаудың талаптарынан сүрінбей өткен Нұркелді Өтепберген мен Айтолқын Нағашыбаева колледжішілік«Үздік жүргізуші– 2022» байқауының жеңімпазы атанды!