«КӨПТІЛДІ ЗИЯТКЕР-2022» ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«КӨПТІЛДІ ЗИЯТКЕР-2022» ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2022-11-30

    2022-2023 оқу жылында Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Шетел тілі» бөлім оқытушыларының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында «КӨПТІЛДІ ЗИЯТКЕР- 2022» облыстық пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың өткізілу мақсаты: 1. Ағылшын тілін жетік менгерген қабілетті студенттерді анықтау және қолдау. 2. Тілдік қарым-қатыныс мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу. Жастардың бойында толеранттылықты тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін дамыту, үштілде сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында өткізілген байқауға колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Олимпиадаға Өркениет медицина колледжі, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжі, Қызылорда Авиценна медициналық колледжі, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі , Шиелі индустриалды -аграрлық колледжі, «Болашақ» жоғары медициналық колледжінен барлығы 19 талапкер қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты. I кезең – Writing (берілген тақырыпқа ағылшын тілінде эссе жазу) IІ кезең – Translation (3 тілде ілеспе аударма жасау) ІІІ кезең – Speaking ( берілген суреттер бойынша үш тілде сөйлеу) Облыстық пәндік олимпиадаға Қорқыт ата университетінде ағылшын тілі мұғалімі Kelsey Dabrowski, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі әдіскері, педагогикалық ғылымдар магистрі Ғалия Ибрагимова, колледж оқытушысы Лиза Сүлейменова әділқазылық етті. Төрешілердің әділ бағалауымен олимпиада нәтижесінде: I орын М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің білім алушысы Мұратова Динара, II орын Қызылорда жоғары медицина колледжі, "Емдеу ісі" бөлімінің 41 топ білім алушысы Қалданова Нұрай, III орын дипломмен М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің білім алушысы Бауыржанова Ақнұр марапатталды. Олимпиада соңында жеңімпаз студенттер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға олимпиадаға қатысқандығын растайтын сертификат табысталды.