Шығармашылықпен шыңдаламын

Шығармашылықпен шыңдаламын

2022-12-07

    «Оқытушының кәсіби құзыреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбында өткізілетін әдістемелік калейдоскоп жоспарына сәйкес колледждің ПЦК-лары арасында «Шығармашылықпен шыңдаламын» тақырыбында әдістемелік декада өткізілді. ​Мақсаты: Оқытушылардың үнемі ізденіп, өзінің әдістемелік қоржынын толықтыру мен іс- тәжірибесін тарату, өзгенің жаңалығын үйрену, кәсіби тұрғыда шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы оқытушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Әдістемелік көрмеге оқытушылар авторлық бағдарламалар,әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, электронды оқу әдістемелік жобалар сияқты өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Алғашқы екі күнде «Бастауыш педагогикасы», «Педагогика және психология», «Хор дирижерлау», «Орыс тілі», «Музыкалық аспаптар» ПЦК-сы өздерінің осы оқу жылында жарыққа шығарған әдістемелік қоржындарымен таныстырды. Оның ішінде «Бастауыш педагогикасы» ПЦК-сының экокомпьютері, бастауыш сынып оқушыларына арналған түрлі жаттығулар жинағы, «Педагогика және психология» ПЦК-сының бітіруші курс студенттеріне арналған «Дидактика» тарауы бойынша, «Педагогика жалпы негіздері» тарауларынан кешенді тестілеу сұрақтары жинақтары қойса, «Орыс тілі» ПЦК-сы оқытушылардың Орыс тілі пәнінен дайындаған оқу құралдары мен диктанттар жинағы, Орыс тілінен әдістемелік құралдар жинағымен таныстырды. «Музыкалық аспаптар» ПЦК-сы оқытушылардың шығарған оқу құралдарын, оның ішінде: «Мектеп әндері», «Мәншүкке арналған әндер жинағы» сияқты жаңа жинақтарын көрмеге ұсынды. Сондай-ақ, «Хор дирижерлау» ПЦК-сы өз мамандықтарына сәйкес оқытушылардың шығарған әдістемелік құралдарын атап көрсетті.