Оқу орнымызда колледж медбикесі Айжанова Гүлжахан, Алпыс Айдананың ұйымдастыруымен «ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ» тақырыбында білім алушылармен кездесу өткізілді. Жиынға Облыстық жастар денсаулығы орталығы маманы А.Құлмұратова қатысып, білім алушыларға аталған дерттің алдын-алу, сақтану және қоғамдық орындардағы сақтық шарасы туралы кеңірек ақпарат берді. Сонымен бірге жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау, санитарлық-гигиеналық тазалықтың талаптары мен маңыздылығын түсіндірді. Шараның мақсаты - балалардың сана - сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы жайлы түсіндіру. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету. Туберкулез туралы дерек бере отырып студенттердің өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру туралы түсiнiк қалыптастыру. Шара барысында туберкулез ауруының белгілері, аталған аурумен ауырмау үшін не істеу керек және жұғу жолдары туралы сала мамандары кеңірек түсіндіріп өтті. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану, құнарлы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болудың денсаулыққа пайдасы және спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңыздылығы айтылды.