16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сының ұйымдастыруымен колледж студенттері «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасады. Мақсаты: білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Экскурсияда «Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ПЦК-сы оқытушылары өлке тарихы туралы құнды ақпараттар бере отырып, әр жәдігермен жекелей таныстырды. Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы айтулы саяси оқиғалары мен жетістіктерін баяндайтын құнды материалдар мен фотосуреттерден тұратын көрмені тамашалады. Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғынды, сондай - ақ, колледж студенттері өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғына білді. Шара соңында студенттер естелік суретке түсті.