ӨМІР ҚЫМБАТСЫҢ МАҒАН…

ӨМІР ҚЫМБАТСЫҢ МАҒАН…

2022-12-21

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде Облыстық білім басқармасы «Суицидтің алдын-алу және болдырмау бойынша іс шаралар жоспарына сәйкес» кәмелетке толмаған колледж студенттеріне «Өмір қымбатсың маған... » тақырыбында сала мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ж.Ізімбетов, Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары» бөлімінің бас маманы Ш.Р.Байғазиева, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының маманы М.А.Мырзаханова, Облыстық жастар денсаулығы орталығының валеолог маманы А.З.Кулмуратова, Облыстық жастар денсаулығы орталығының психологы А.Құлмырзаева, Али-Нұр клиникасының ВОП дәрігері А.М.Қосбергенова, Полиция басқармасы, Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты, колледж инспекторы Р.А.Жұмадилдаев және колледж әкімшілігі мен 200-ден астам студенттер қатысты. Шараның мақсаты – суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, әдет-ғұрыпты, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, өз-өзіне сақ болудың медициналық алғышарттарын түсіндіру. Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Жәнібекұлы студенттерге тақырыпқа байланысты әлемде және елімізде орын алған жайттардан, оқиғалардан мысал келтіре отырып, толық ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, жас ұрпақтың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырып, өмірді, еңбекті сүюге шақырды. Кездесу барысында өмірде ең қымбат дүние адамның өзі екенін түсіндіріліп,, кез-келген мәселенің шешімін сабыр мен ақылдан іздеуге насихаттайтын арнайы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу соңында қатысушыларды психологиялық қолдау мақсатында колледж психологтары семинар-тренинг жүргізіп, студенттер тарапынан өздерін толғандырған сұрақтарға жауап берілді.