ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ

ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ

2023-01-16

    2023 жылдың 16 қаңтар күні М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 4 курс студенттеріне «Ағылшын тілі» пәні бойынша болашақ педагогтердің пәндік құзіреттіліктерін дамыту мақсатында «Тиімді жоспарлау арқылы оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру» тақырыбында оқу семинары өткізілді.

    0111083 – «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша  даярланушы 4 курс студенттеріне Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласы  филиалының тренері, аға менеджер Е.Т.Оспанов «Жаңартылған білім беру мазмұнына кіріспе», «Ағылшын тілін оқытудағы трендтер», «Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» секілді тақырыптарды қатысушылармен бірге талқылап, ой бөлісті.

    Семинар барысында пәннің ерекшелігіне сәйкес, оқу мақсаттарына тиісті тапсырмаларды қалай сұрыптау, білім алушылардың қажеттіліктері мен жеке қабілеттеріне сәйкес оқу тапсырмалары мен әдіс-тәсілдерді қалай оңтайлы қолдану қажеттігі туралы құнды ақпараттар берілді.

    Қорытындылай келе болашақ педагогтер курс аясында тақырыптарды әр қырынан талдай келе, жоба қорғап, креативті ойларын жеткізіп, ұтымды ізденістерін шығармашылықпен ортаға салды.