«ОТБАСЫ ЖӘНЕ МАНСАП» АТТЫ РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШІ ӨТКІЗІЛДІ

«ОТБАСЫ ЖӘНЕ МАНСАП» АТТЫ РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШІ ӨТКІЗІЛДІ

2023-01-24

    М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің киелі шаңырағында мейірімімен әлемді бағындырар нәзік жандылар қатарында жүріп ел алдында үлгі бола білген халқының асыл қыздарымен «Отбасы және мансап» атты рухани-танымдық кеші өткізілді.

    Кездесудің мақсаты – ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу, білімді, тартымды, көшбасшылық қасиеттері бар заманауи қазақ қыздарының бейнесін көрсету.

    Кездесу шарасы қонақтарды салтанатты түрде күтіп алумен басталды. Сонымен қатар, «Білім нұры» педагогикалық сабақтастық галереясын, «Заманауи педагогикалық концепция: креативті идея. Инновациялық тәжірибе, жетістіктер шыңы» және «Ерлік» залының жұмыс барысы таныстырылып өтті. «Отбасы және мансап» рухани-танымдық кеш шымылдығын Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, колледж оқытушысы Айқын Кенжеғараева  «Сыр сұлуы» әнімен ашты.

    ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қ.Ж.Әбден, Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қ.А.Каримова, Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Г.Х.Жұмашева, Облыстық мәслихат депутаты М.Т.Алмашева, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ директоры Г.Б.Бүркітбаева, М. Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің директоры Жақсыгүл Тоғанова, қыздарға, әйелдер денсаулығын қорғауға, қыздардың болашағы мен ел болашағының өзара байланысы туралы мәселелер айтылды.

    Білім ордасының бірлескен әлеуметтік жобасы болып табылатын «Көшбасшы мектебі» қыздар клубы бір жарым жылдан бері жұмыс жасап келеді. Шара барысында клуб жұмысы туралы қысқаша ақпараттармен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Гүлжан Әлімжанқызы таныстырып өтті. Біздің қыздарымыз колледж қабырғасында тек кәсібилік жағынан ғана емес өз шығармашылықтарын түрлі бағытта жетілдіріп, дамытып отырады. Осы арада «Жас Толқын» клубының мүшелері қазақ қыздарына өздерінің қаламынан туған жыр шумақтарын тарту етті. Спикерлердің сөзінен кейін «Көшбасшы мектебі» қыздар клубының мүшелері сұрақтарын қойып, белсенді талқылау өткізілді.

    Тағылымы мол шарада колледж басшысы Жақсыгүл Қоханқызы отбасылық және ұлттық құндылықтар дәріптеле түсетін аталмыш шараның маңыздылығын атап өтіп, Қарақат Жақсылыққызына колледж тарихы, ұлағатты ұстаздардың еңбек жолы жайлы «Білім шамшырағы» атты кітабын тарту етті.

    Рухани-танымдық кеш «Нұргүл» халықтық ән-би ансамблінің «Үкілі қыздар» биімен, «Өнер» бөлімінің студенттерінің орындауындағы «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнімен аяқталды.Кеш  қонақтары жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара үшін колледж басшысы Жақсыгүл Қоханқызы мен колледж ұжымына жылы лебізі мен ризашылықтарын білдірді.