Бүгін М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мен жас кәсіпкермін» тақырыбында еркін форматта бизнес тренинг өткізілді.
Мақсаты:
- Жастардың бос уақытын тиімді үйлестіру;
- Кәсіпкерлік сауаттылықтарын арттыру;
- Сала мамандарымен кездесу;
- Тәжірибе алмасу;
Тренингке маркетолог, жеке кәсіпкер Ғасырхан Мырзаханов, маркетолог, онлайн продюсер Нұрлан Ағжан және топ студенттері қатысты. Шара барысында жас кәсіпкерлер бизнес бастаудағы қиындықтары, құлдырау мен шарықтау шегі, жеңіс пен жеңіліс сәтімен, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шараға қатысқан әр кәсіпкер бизнесте жас болса да жүйелі жұмысын қалыптастырып, еліміздегі шағын жән орта бизнеске үлесін қосып жүрген жастар. Тренинг барысында кәсіп бастауда жіберілетін қателіктер де сөз болып, кәсібін енді бастағалы жүрген колледж студенттері үшін қажетті ақпараттар айтылды.
Қорытындылай келе, студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, алдағы жоспарларын ортаға салып, өмірлік жолында көмек болар кеңес алып қайтты.