М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде колледж психологтарының ұйымдастыруымен «Өмір–керемет сый» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін өте қымбат сый екенін, асыл қасиет адам бойында болатынын түсінуге ықпал ету, жақсы қасиетке үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту, оқушылардың өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт бағдар беру.
Шараға Облыстык жастар денсаулығы орталығының психологы Шаймен Арайлым, Жастар ісі жөніндегі инспектор Ш.Жалғасбекұлы, колледж психологтары Ж.Уәлибекқызы,Н.Жүрсінбек және топ жетекшілері мен студенттер қатысты.
Тренинг барысы:
Сәлемдесу
«Бес қасиет» жаттығуы
Пікір алмасу
«Өмір белестері » жаттығуы
«Әріптер сөйлейді» жаттығуы
«Есте қалған қызықты оқиға» жаттығуы
Сергіту сәті
Өмірдегі ең қымбат дүние адамның өзі екенін түсіндіріп, кез-келген мәселенің шешімін сабыр мен ақылдан іздеуге насихаттайтын арнайы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу соңында қатысушыларды психологиялық қолдау мақсатында колледж психологтары семинар-тренинг жүргізіп, студенттер тарапынан өздерін толғандырған сұрақтарға жауап берілді.
Білім алушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, керемет көңіл күйде ыстық ықыластарын білдірді.