КІТАПТАР ЖЕЛІСІМЕН ТҮСІРІЛГЕН ФИЛЬМДЕР

КІТАПТАР ЖЕЛІСІМЕН ТҮСІРІЛГЕН ФИЛЬМДЕР

2023-01-26

    26.01.2023ж «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде баспа кітаптарын оқуды және мультимедиялық өнімдерді пайдалануды ұштастыру арқылы оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу мақсатында «Кітаптар желісімен түсірілген фильмдер» тақырыбында виртуалды көрме ұйымдастырылды.

    Біз кітаптар арқылы кино әлеміне қосылуды ұсынамыз.

    «Абайтану» ғылымының негізін салушы, көркем сөздің шебері М. Әуезовтың «Абай жолы» туындысы қазақ классикасының негізі болып саналады. Осы роман-эпопея желісінде 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы қарсаңында ақынның өмірі, махаббаты, шығармашылығына арналған «Абай» атты фильмі жарыққа шықты.

    2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілген болатын осы акция аясында қаламгер Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасының желісімен түсірілген фильм көрсе-тілімі ұсынылды.

    Балаларға арналған көркем туынды балалар сүйіп көретін жазушы Б.Соқпақбаевтың повесі бойынша таспаланған «Менің атым Қожа» фильмі. Фильмде 12 жастағы Қожа есімді қазақ баласының өмірі суреттеледі.

    Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша түсірілген фильм. 20 бөлімді туынды ешқашан қартаймайтын, ешқашан өзектілігін жоймайтын мәңгілік махаббат тақырыбына арналады.

    2005 жылы белгілі халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясы бойынша қазақ-француз кинематографистері бірлесіп «Көшпенділер» фильмін түсірді.

    «Көксерек»Кинокартина - кішкентай ұл бала мен қасқырдың бөлтірігі арасындағы достығы жайындағы хикая. Бала мен қасқыр бірге тұрып, бірге ойнайды. Қасқыр мен адам – біріне-бірі дұшпан екендігіне қарамастан, бала жүрегі ересек өмірдің қаталдығы мен қатыгездігін қабылдағысы келмейді. Адамдар есейіп қалған аңды өлтірмек болғанда, бала досын еркіндікке қоя береді. Бірер жылдан соң олар қайта қауышады. Бұл көркем туынды Мұхтар Әуезовтың аттас «Көксерек»  шығармасы негізінде 1973 жылы түсірілген. Фильмге Толомуш Өкеев режиссерлік етті.

    Виртуалды көрме бойынша шолу өткізіліп, қысқаша мәліметтер берілді.