ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАН ТӘҢІРІ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАН ТӘҢІРІ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

2023-02-10

    «Жас толқын» шығармашылық жастар үйірмесінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына орай 3-9  ақпан аралығында «Қазақ поэзиясының хан тәңірі – М.Мақатаев» атты апталық  өткізілді. Апталық аясында:

  «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» атты интеллектуалды сайыс;

  «Менің де бір шумағым бар жинаған...» тақырыбында мүшәйра мен көркем сөз оқуы;

  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша оқырмандар конференциясы;

  «Мұз демімен жыр сыйлаған мұзбалақ» тақырыбында қойылым;

    Апталықты қорытындылай келе бүгін М.Мақатевтың туған күніне орай «Мұздама, жылы жүрегім» тақырыбында әдеби кеш болып өтті. Жыр сүйер білім алушылардың  Мұқағали поэзиясына деген құштарлығы толастаған емес. Осы орайда әдеби кеште «Жас Толқын» үйірмесінің мүшелері ақын жырларын оқып, тыңдарманды өлең құнарымен сусындатты.

    Кеште алдымен М.Мақатаев туралы бейнеролик көрсетіліп, ақынның өз даусымен оқыған өлеңдері  тыңдалды. Одан соң «Филология» бөлімінің өнерпаздарының сомдауымен «Жетімдер» поэмасынан көрініс, «Бақыт деген…» мюзиклі қойылып, әуенді көріністерімен көрермен ықыласына бөленді. Одан бөлек жас өнерпаздар ақын жанының терең сырларын көпшілікке ұсынуға тырысып, ақиық ақынның махаббат өлеңдерінен диалогін көрермен назарына ұсынды.

    Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы - мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.

    Әдеби-сазды кешке көрермен ерекше ықылас көрсетіп, алғыстарын зор қошеметпен білдірді. Апталық аясында білім алушылар әрбір іс-шараға белсенді түрде қатысып, өнерпаздарымыз жүлделі орындармен марапатталды.