Колледж кітапханашылары және Жастар комитетінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері Қарақат Әбденнің «Сен қазақтың қызысың, мақтан ет!» кітабын басты мақсатқа ала отырып қыз тәрбиесі мен аналар үлгісін насихаттау мақсатында тағылымды сырласу кеші өтті.
Кештің мақсаты – ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу, білімді, тартымды, көшбасшылық қасиеттері бар заманауи қазақ қыздарының бейнесін көрсету.
Бүгінгі кешке арқау болып отырған қоғам қайраткері, жазушы Қарақат Әбденнің «Сен қазақтың қызысың, мақтан ет!» кітабы ұлттың болашағы аяулы қыздарымызға үлгі боларлық, ой саларлық, өткен мен бүгінді сабақтастырған , құндылығымызды арттырып, қыз бала тәрибесінде өзекті орын алар жәйттарды көркемдеп, қыздарға бақытты, табысты, іскер болудың құпиясын ашады.
Кітапхана меңгерушісі Зульфия Пазылова аталған кітаптың жалпы мақсатымен , «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі», «Әкені құрметтеу» деген тақырыптардың мазмұнын ашып көрсетті. Сонымен қатар, қыздарға арналған 160 лайфхактың «О, махаббат!» Берікқызы Ақгүлім, «Отбасы»Рүстем Қымбат, «Мінсіз мен!» Ерланқызы Аяулым, «Сен және Қоғам» Жұмаділ Айжан, «Арман. Мақсат. Нәтиже» Мамзада Аружан кітаптың ең қызықты бөлімдерін студенттерге таныстырып өтті.
Игі іс шара барысында кітапхана оқырмандары қызу пікір білдіріп, ертеңінен үміт күтер қыздарымыз ибалықпен тыңдай біліп, ақыл кеңесті ойға түйді.