Оқу ордасында «Ертегілер еліне саяхат» атты «Өнер» бөлімінің студенттерінің арасында сайыс өтті.
Шараның мақсаты – ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету; - ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; - қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. ????Ереже бойынша әр топтың студенттері жұптардың қатысуымен сахнада өнер көрсетті. Бұл сайыста алдын-ала жеребе тастау арқылы ертегілердің кейіпкерлері таңдап алынды. Өз өнерін көрсету кезеңінде топтар өз қалаулары бойынша бес минуттан аспайтын номер дайындады. Бірге ән шырқап, әуен аясында бейнекөріністер де көрсетті. ????Мәдени іс-шараға «Өнер» бөлімінің меңгерушісі Рая Жайылханқызы, Жастар ісі комитетінің инспекторы Шернияз Жалғасбекұлы, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің оқытушысы Амина Оңғарбайқызы төрешілік етті. ????Қазылар алқасының шешімімен МБВ-21 оқу тобы «ЕҢ ҮЗДІК ҮЛГІЛІ ТОП», БА-Ә-21 оқу тобы «ӨНЕРЛІ ҰЙЫМШЫЛ ТОП», Д-З-19 оқу тобы «ҮЗДІК ДЕКОРАЦИЯ», ХК-Ш-22 оқу тобы «ЗАМАНАУИ ТОП», МБВ-20 тобы «ҮЗДІК ӨНЕРПАЗ ТОП», КЕ-21 оқу тобы «КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» номинацияларын иеленіп, қалған қатысушы топтар алғыс хатпен марапатталды.
Ертегі кейпіне енген өнерпаздар кеш қонақтарына ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шара мерекелік ән шашуға ұласты.